14.04.2023 - жазғы мектеп

Шетелдік студенттердің қатысуымен жазғы мектеп

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының Стамбул университетінде білім алып жатқан студенттердің қатысуымен 2023 жылдың 14 сәуір мен 21 сәуір аралығында «Көшпелі өркениет және оның әлем тарихындағы орны» тақырыбында онлайн форматта жазғы мектеп өтеді.

Жазғы мектептің мақсаты: көшпенділердің рухани, этникалық, діни жөне мәдени кұндылыктарын, олардың тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы сабақтастық рөлін, әлем тарихындағы орнын ашып көрсету. Әрі бұл шара осыған дейін жалғасып келе жатқан Қазақстан-Түркия арасындағы білім және ғылым кеңістігіндегі ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы. Жазғы мектепке 12 шетелдік студент қатысады. Дәрістер түрік тілінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары мен жұмыс берушілер тарапынан «Түркі көшпелі өркениетінің Шығыс мәдениетіне ықпалы», «Қазақстанда көшпелі өркениетті зерттеудің жаңа бағыттары», «Түркі мәдениетінде бесік», «Дешті Қыпшақ даласындағы Жошы ұлысының әдеби жәдігерлері (ХІІІ-ХV ғғ.)» және «Қазақ ұлттық құндылықтары: қасиетті мекендер» атты тақырыптарда жүргізіледі. Курс нәтижесі бойынша студенттер мен оқытушыларға сертификат беріледі.