"Жазба жәдігер және рухани мұра" ғылыми-зерттеу орталығы

«Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіндегі «Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығында  2017 жылдан бері көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды оқу, ғылыми талдау, сараптау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Орталықтың басты мақсаты:

  • Қазақ даласында таралған жазба жәдігерлерді табу, классификациялау, каталогін тізу;

  • Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани мұрасын тарих, әдебиет, этнография, дінтану, әлеуметтану сияқты ғылымның әр саласында кешенді зерттеуді дамыту.

Орталықтың міндеттері:

  • Қазақстан аумағында кездесетін шығыс тілдерінде (араб, парсы, шағатай) жазылған қолжазбаларды жинақтап, қор құру;
  • Тарих, этнография, археология, филология, әдебиет, философия, дінтану, шығыстану, түркітану зерттеулеріне негіз бола алатын қолжазбалардың салалық көрсеткішін жасау;
  • Қазақстан аумағында табылған қолжазбаларды зерттеу, ғылыми айналымға енгізу;
  • Осы жұмыстар арқылы қазақ тарихын, әдебиеті мен тілін, мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақ ғылымын жазба ескерткіштер арқылы таныту жұмыстарды жасауға бағытталған.

 

 

Бөлім басшысы: проф.м.а., ф.ғ.к. Шадкам Зубайда

Байланыс телефондары:  +7 (727)  (ішкі: ),  +7 747 452 43 68 , +7 777 300 69 92, + 7 707 615 31 40,

Мекен-жайымыз:  Алматы қ., Қарасай батыр көш. 95а, 411 каб. 

e-mail: kairanabayeva.n.n@gmail.com

Бөлімнің жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма 09.00 - 18.00, сенбі  09.00 - 14.00  

Жексенбі - демалыс күні.