5.04.2018 - Шығыстану факультетінде Елші сағаты өтті

Шығыстану факультетінде Елші сағаты өтті

5.04.2018ж.  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов Эйнаддиноғлы  Түрксой кафедрасының ұстаздары және студенттерімен елші сағатын өткізді.

Факультет деканы PhD Ыктияр Молдатөреұлы  Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамадов   мырзаға тамыры бір түркі халқы екенін және мәдени, тарихи құндылықтарымыздың ортақтығын ерекше атап өтті, ризашылығын білдірді.

Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Мамадов елші сағатының Түрксой кафедрасында өткізілгеніне қатты ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен бөлісті, яғни Әзірбайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдық мерекесін тойлау аясындағы жұмыстар туралы баяндап  берді.

Сондай-ақ  Шығыстану факультеті базасында Түрксой кафедрасында әзербайжан  ғылыми-білім беру орталығын ашатындарын айтты. Елшіге студенттермен, оқытушылармен,  тәжірибемен алмасу және біліктілігін арттыру  мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен Бакудегі Ұлттық университетпен келісім жасасу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс түсті.  Елші бұл мәселеде өз үлесін қосуға қуанышты болатынын айтты.

Кездесуде елші  консулдық қызметіндегі тәжірибелерімен бөлісті, көптеген сауалдарға жылы шыраймен жауап берді.