Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы

2023 жылдың 6-8 сәуір

"Шығыс елдерінің тарихы мен саясаты" секциясы бойынша Түрксой кафедрасының студенттері Құлахметова Жанерке 2-орын мен 2 курс студенті Анер Арлан  3 орын иегері болып атанды. 

 

дамира-2023.pdf

Раиса-2023-.pdf

Кулахметова Жанерке диплом фараби әлемі 22-23.pdf

Анер Аслан диплом Фараби әлемі 22-23.pdf

 

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары арасында 6В02207- Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада

2023 жылдың 19 - 21 сәуір 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен   2023 жылдың 19 - 21 сәуір күндері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары арасында 6В02207- Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада өтті. 

 

 

 


Теменова Гүлзада олимпиада 22-23.pdf

Мұхидин Гулдана 2 курс восток 2022-2023.pdf

Кабилова Камила 3 курс восток 2022-2023.pdf

Жарқынбек Жанбота 2 курс восток 2022-2023.pdf

Жанатаева Кульжан олимпиада 22-23.pdf

Есбосынов Ерғали олимпиада 22-23.pdf

алғыс хат спонсор олимпиады 2022-2023.pdf

Амантаева Аружан 4 курс восток 2022-2023.pdf

Абуова Акжарқын олимпиада 22-23.pdf

Sayın Metın Oguz Алғыс хат 22-23.pdf

Абилхасен Абдулазиз 4 курс восток 2022-2023.pdf

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

22.01.-04.02.2023 г.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Назым Шуиншина Мета 22.01.2023-04.02.2023 күндері аралығында, Түркия Республикасы, Нигде қаласындағы Нигде Өмер Халисдемир университеті Қазіргі түркі тілдері және әдебиеті бөлімінде біліктілігін арттырды.  

мета-сертификат.pdf

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

09.-28.01.2023 ж.

09.-28.01.2023 жылы Түрксой кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Эскишехир Османгази университеті ұйымдастырған 72 сағаттық «Халықаралық заманауи лексикольографиялық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми семинарға қатысып, сертификаттармен табысталды.

Абелдаев Ж..pdf

Дулаева Э..pdf

Кошумджу С. 72 часов.pdf

Кыдырбаева У..pdf

Қуанышбаев Е..pdf

Құрманәлі Чакыроглу А.А. 72 сағат.pdf

Назарова А..pdf

Шадкам З. 72 сағат.pdf

Шуиншина Мета Н.Н..pdf

ZHANATAYEVA Kulzhan.pdf

72-Eskişeh.Osmangazi Sertif.-Gulzada TEMENOVA.pdf

KAİRANBAYEVA Nazym.pdf

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

25.11.-26.12.2022 ж. 

25.11.-26.12.2022 жылы Түрксой кафедрасының оқытушылары «Тіл біліміндегі негізгі зерттеу әдістері» тақырыбындағы 72 сағаттық оффлайн курсына қатысып, сәтті аяқтады. Курсты Эскишехир Османгази университетінің арнайы шақырылған профессоры, философия ғылымдарының докторы Ердоған Боз жүргізді.

 

 

Дулаева Э. сетификат Ердоган Боз.pdf

Исаханова М. сертификат Ердоган Боз.pdf

Шадкам З. сертификат Ердоган Боз.pdf

Шуиншина Н. сертификат Ердоган Боз.pdf

Кошумджу С. сертификат.pdf

Құрманәлі А. сертификат Ердоган Боз.pdf

Назарова А. сертификат Ердоган Боз.pdf

Теменова Г. сертификат Ердоган Боз.pdf

Кайранбаева Н. сертификат Ердоган Боз.pdf

Абелдаев Ж. сертификат Ердоган Боз.pdf

Жанатаева К. сертификат Ердоган Боз.pdf

Ілияс Н. сертификат Ердоган Боз.pdf

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

10.10.-04.11.2022 ж.

2022 жылдың 10 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Түрксой кафедрасының оқытушысы Ж. Әбелдаев «Әдебиеттану, тіл білімі, аударма ісі және педагогикадағы ғылыми әдістеме және академиялық жазу» атты 72 сағаттық күндізгі және онлайн курсына қатысты. Курсты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Түркияның Гиресун университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Курсты Гиресун университетінің шет тілдері мектебінің директоры, ағылшын тілі мен әдебиеті маманы, доцент Веди Ашкароглу жүргізді.

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

03.-29.10.2022 ж. 

2022 жылдың 3-29 қазан аралығында Түрксой кафедрасының оқытушылары (Әбелдаев Ж., Назарова А, Теменова Г., Шуиншина-Мета Н., Қайранбаева Н.) «Фольклор және халық әдебиеті саласындағы зерттеулер, жинақтау және жіктеу әдістері» 72-сағаттық онлайн курсына қатысып, сертификаттарымен табысталды. Курсты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Түркияның Ардахан университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Курсты гуманитарлық-әдебиет факультеті түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының докторы, Ардахан университетінің профессоры Ердоған Алтынкайнақ жүргізді.

Temenova G.03.-29.10.22.pdf   

Кайранбаева Н.03.-29.10.22.pdf 

Nazarova A. 03.-29.10.22.pdf

Shuinshina N. 03.-29.10.22.pdf

Абелдаев.pdf

 

Оқытушылардың біліктілікті арттыру курсы

20.05.2022ж.  

2022 жылдың 20 мамырында Түрксой  кафедрасының оқытушылары Г.Теменова мен А.Құрманәлі Мәскеу университетінің физика-техникалық институтынан Courseera бағдарламасында ұсынылған «Онлайн курстарды құрудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында онлайн курстан өтті.

 

 Coursera Certificate Құрманәлі2022.pdf

2022-ТЕМЕНОВА Г.К.-Coursera-Сертификат-Теория и пр

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті,  Түрксой кафедрасының студенттері Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде өткен түрік тілі бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 курс студенті Тұрлықұл Диана алғыс хатпен марапатталды.
   2018 жыл, 25.09.2018-25.01.2019 аралығында болған "Ғылыми зерттеулер" оқыту бағдарламаларын Нигде Омер Халисдемир университетінде сәтті аяқтағаны үшін Ешметова Балжан жетістік сертификатымен марапатталды. 
   2018 жыл, 22 қазан және 5 қараша аралығында болған "Ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық" оқыту бағдарламаларын сәтті аяқтағаны үшін Юсупова Дильназға жетістік сертификаты. 
   2018 жыл, 22 қазан және 5 қараша аралығында болған "Ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық" оқыту бағдарламаларын сәтті аяқтағаны үшін Жұмашева Мөлдірге жетістік сертификаты.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Әділова Мунира жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Тұрғанбаева Тоқжан жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Құтлұмұратова Сәуле жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Мамекпаева Инкар жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 2-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Курмангалиева Аяулым жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3-курс студенті Сулейменова Айнара жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 1-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Тажадин Айнұр жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2018 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Токпулатов Давлат жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы 2017 жылғы Республикалық пәндік олимпиадасында 3-ші орын алғаны үшін марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз
Дәстүрлі V Халықаралық Фараби оқулары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де сәуір айында басталды. Шығыстану факультетінде өткен «Фараби әлемі» атты xалықаралық конференцияға 139 студент қатысты. Түрксой кафедрасы бойынша «Түркітану» мамандығында оқитын 2 курс студенті А. Сүлейменова және 3 курс студенті А. Тажадин 1-орынды иеленді. Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!

 

 

ТҮРКСОЙ  ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ

 

Бұдан 3 жылға жуық уақыт  бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасымен Шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылған болатын. Жақында осы кафедраның ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.

           Халықаралық ұйымның  ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев ТҮРКСОЙ кафедрасының "Түркітану", «Шетел филологиясы: түрік тілі», «Аударма ісі», «Шығыстану» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерді ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында берілген шәкіртақыны арнайы келіп табыстады.  Әрбіреуі 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бірреттік шәкіртақы ТҮРКСОЙ кафедрасының белсенді және ең озат 5 студентіне  берілді.

         Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымның ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің басшылығын соңғы уақыттағы білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, халықаралық ұйым мен университет арасындағы  ынтымақтастықтың бұдан әрі де дами түсетініне сенім білдірді. 

           Жиын соңында  Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына студенттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.

 

ТҮРКСОЙ кафедрасы   Ешметова Б.Б.

 

 

 

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында әл-Фараби атандағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасының профессор м.а.,  т.ғ.к.   Қайрат Жүніс Йылдырым Баязит атындағы университет (Анкара қаласы) ұйымдастырған «Хожалы» халықаралық симпозиумына қатысып, ғылыми баяндама жасады. Ресми сапар барысында университет ректорымен кездесіп,  университеттер арасында меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа «Эрасмус +» және «Мевлана» халықаралық бағдарламалар шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студент алмасуға және  университеттің оқытушы-профессорлар құрамының тағылымдамадан  өтуге мүмкіндік береді.

 

Түрксой кафедрасының ф.ғ.к.,

доцент м.а.  Қортабаева Г.Қ.

 


«Əл-Фараби өркениет ойшылы» 

 

Бүгін Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Нұрат Құлымбетұлы Ілияс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, академик  Ғалымқайыр Мұтановтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Нұрат Құлымбетұлы ұлы ғұлама  Әбу Насыр Мұхаммед Əл-Фараби жайлы түсірілген "Əл-Фараби – өркениет ойшылы"  атты деректі фильмді түрік тілінен қазақ тілінде аударып шықты.

Доктор,  профессор Бекир Карлығаның жетекшілігімен «Медар» Стамбул xалықаралық  мәдени орталығы, Ескишеxир әкімшілігі, «Түрік әуе жолдары» және Анадолы университеті мен  Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ  бірлесіп түсірген  деректі фильмге  академик Ғ. Мұтанов пен профессор Ж. Алтаев кеңесшілер болды. Көркемдік жағынан әсерлі,  мазмұнды фильм жақында көрермендеріне жол тартпақ.  Философиялық  фильмді өте қысқа уақытта  аударып шығу оңай  емес.

Әріптесіміз Нұрат Құлымбетұлыны құттықтаймыз және жұмысына  үлкен табыс пен сəттілік тілейміз!

 

 

Қортабаева Г.Қ.

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының доценті

 

Әл-Фараби орталығы – екі ел арасындағы алтын көпір

Бұл орталық Стамбұл Университеті  жанынан 2016 жылдың 7 желтоқсан күні ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтановтың қатысуымен ресми түрде ашылды. Қазір  Ғылыми-зерттеу орталығына Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтуде. Орталық басшысы профессор Абдуллах Кызылжык  университетімізден барған әр студентті жылы  қарсы алып, жан-жақты ізденуіне, университет кітапханаларынан қажет мәліметтер алуға, оқытушылардың дәрістеріне қатысуға жағдай жасап отыр. Қазіргі уақытта факультетіміздің белді оқытушысы доцент Ораз Сапашұлы Сапашев  Стамбұл Университетінің Әдебиет факультетінде түркітану мамандығында оқитын студенттерге қазақ тілінен дәрістер оқып әрі осы орталыққа өз үлесін қосып жүр.

            Магистранттар Фараби орталығының бағдарламасы бойынша Түркиядағы ең үлкен қолжазбалар қоры сақталған Сүлеймание кітапханасына барып, жұмыс істеуде. Кітапхана қоры өте үлкен. Мұнда Осман империясы тұсындағы падишахтардың, сұлтандардың, ғалымдар мен дін басыларының құнды кітаптары, сондай-ақ Анадолы аймағындағы түрлі кітапханалардан әкелінген еңбектер топтастырылған. Мәселен, Фатих Сұлтан Мехмет, II Баязит сұлтан, I Махмұт сұлтан, I Абдулхамит, I Ахмет сынды ел басқарған патшаларға тиесілі еңбектер  көптеп кездеседі. Бүгінде кітапханада 117-ге жуық жинақ (коллекция) бар. Мұнда жинақталған жалпы саны 125 мың болатын қолжазбалар, 50 мыңға жуық баспа шығармалар бар. Бұлардың барлығы дерлік Түркияның түрлі аймақтарының кітапханаларынан әкелінген еңбектер. Кітапханада түпнұсқа шығармалар сақталып, ізденушілер үшін еңбектердің микрокөшірмесі де жасалынған.

Сондықтан бұл құнды қолжазбалардың «Түркітану»  мамандығында оқитын магистранттар үшін  өте маңызды, қажеттілігіне еш  күман жоқ.

 

 

Қортабаева Г.Қ.

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының доценті

ҚазҰУ – әлемді өзгертер идеялар мекені

 

2016 жылғы Алтын күздің 21 қазан күні Мемлекеттік Орталық музейде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Мини «ЭКСПО-2016» көрме-байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты: Алматы қаласының тұрғындарын «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттандыру, жергілікті жерде көрмені насихаттау, азаматтардың инновациялық идеяларын қолдау және ынталандыру, аймақ тұрғындары есебінен «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылар санын арттыру болатын. Бұл байқауға Алматыдағы көптеген үміткер университет студенттері  инновациялық жобаларымен келіп қатысты. Жобаға қатысушыларды «Ең үздік өнер табысы»,   «Ең үздік өнертапқыш әйел»,    «Ең жас өнертапқыш»,   «Жас дарын», «Ең белсенді өнертапқыш» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар күтіп тұрды.

Бұл байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттары мен  жоба жетекшілерінің басшылығымен инновациялық көптеген жобалар ұсынды. Гуманитарлық сала бойынша қатысқан  Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері  ерекше дайындықпен келгенін атап өтуге болады. 4 курс студенттері  Юсупова Дилназ «Қазақстан және түркі әлемі», Аюпова Дилярам, Имашева Зульфера «Түркі әлемі – Тұран»  атты жобаларды жоғарғы деңгейде қорғап шықты. Олардың жұмыстарына жетекшілік етіп, ҚазҰУ Шығыстану факультеті, ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Балжан Ешметова Батырханқызы «Ең үздік өнертапқыш әйел» аталымы бойынша жеңіске қол жеткізді. «Жанашыр» қоғамдық қорының Президенті Ж.Апетова және Алматы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Н.Сыдықовтың   қолдауымен өткен жоба өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Ұйымдастырушылар тарапынан  «Алматы – үшін бұл өте үлкен көрсеткіш» деп бағаланды.

Байқауға 50-ден астам жобалар ұсынған студенттер, магитранттар, ғылыми қызметкерлер қатысты. Конкурс барысында Қазақстанның дамуы негізінде студенттер тарапынан өте жақсы ой-пікірлер, идеялар ұсынылды. Көптеген жобалар ауыл шаруашылығы мен экономиканың дамуына өзіндік үлес қосар маңызы жоғары екендігі ұсынылған жобаның тақырыбынан-ақ байқалып тұрды. Соның ішінде үздік деп танылған біздің университет өкілдерінің жеңісі ерекше атап өтуге тұрарлық. Дегенмен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – қазіргі заманауи жаңашылдыққа қол жеткізген жетекші, көшбасшы университет екенін өзінің жетістіктері мен жеңісі арқылы тағы да дәлелдеді. Жеңістерің құтты болсын біздің студенттер! ҚазҰУ тек алға!

 

 

Ешметова Б.Б.

Зам.зав кафедры ТЮРКСОЙ


Марапаттау Сипаттамасы
1

Білім және Ғылым министрі Ж.К.Түймебаев профессор Р.А.Авакованы "Университеттің ең үздік оқытушысы" атты грантпен марапаттап жатыр. Астана қаласы (2008 ж.)

2011 жылдың 25 – 26 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шет тілдері бойынша Республикалық жарыс өткізген болатын. Кешенді тесте 2-ші орынды 4 курс студенттері Айжан Темербаева, 3-ші орынды Балахожаева Айгерім иеленіп, жеңімпаз атанды.
3

"Түрік әндерінің үздік орындаушылары" атты жарыста I орын иегері С.Габбасова

( наурыз, 2014 ж.)

 

Обладательница I места С.Габбасова в конкурсе «Лучшие исполнители турецких песен» (март 2014 г.)ript>AR-SAript>