Академиялық алмасу бағдарламасы

 

 

Османгази университетіндегі тағылымдамасы 

    Мен, Алиасқар Жансая Нұрланбекқызы 2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы тарапынан екі жақты келісім-шарт бойынша Түркия Республикасы, Эскишехир қаласы, Османгази университетінде “Түрік тілі және әдебиеті” факультетінде білім алдым. Бұл оқу сапарымның негізгі мақсаты түрік тілін тереңдете оқып, өз білімімді жоғарылатумен қатар, түрік мәдениетімен жақынырақ танысу болып табылды. Түрік тілін тек сабақ барысында ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланып, түрік тілі деңгейімнің көтерілгенін байқадым. 

   Оқу барысында “Менің Отаным – Қазақстан”, “Қазақ киносы әлемдік кинонарыққа шыға алады ма?” секілді мақалаларды аударып, «Әдебиеттің адам өмірінде маңызы », “Казахская литература - поэзия кочевого народа» секілді рефераттар жаздым. Сонымен қатар университет ішінде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, одан бөлек әр түрлі мейрамдарға ат салысу арқылы түрік мәдениетіне деген түсінігім арта түсті. Бұдан бөлек, әлемнің әр түкпірінен достар кездестіріп, өзімде бұрын соңды байқамаған жаңа қырларымды аша білдім. Ағылшын, әзірбайжан тілдерін біршама үйреніп, біраз тәжірибе жасадым. 

   Өзімді жеке тұлға ретінде де дамытуға мүмкіндіктер алдым. Османгангази университетінде өткізген 4 айым естен кетпес сәттерге толы болды. Осы мүмкіндіктердің жүзеге асуына көмектескен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылар құрамына, оның ішінде Түрксой кафедрасының оқытушылар құрамына үлкен алғысымды білдіремін. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының Шетел филологиясы бөлімінің 3 курс студенті 

Алиасқар Жансая

 

 

 

Кафедра студенттердің Памуккале университетіндегі тағылымдамасы

2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы тарапынан екі жақты келісім шарт бойынша Түркия Республикасы, Денизли қаласы, Памуккале университетінде білім алып келдік. Гуманизм факультеті, тарих кафедрасы мен заманауи түркі тілдері кафедрасына бекітілдік,      

Жалпы, іссапар түрік тілін, мәдениетін тануда үлкен тәжірибе берді. Османлы тарихы, Түрік Республикасының тарихы, қазіргі түркі елдерінің тарихы, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, түрік тілінің негізі, Осман түрік тілі, түрік тілінің лексикасы, түрік тілінің фонетикасы, қазақша-түрікше мәтін аудару, түрік тілінде семинар пәндерін оқыдық. Оқыту толығымен түрік тілінде өтті. Бұл біздің тіл білімімізді дамытуда үлкен тәжірибе болды. Оқу барысында көптеген тапсырмаларды орындап, яғни түрік тілін жетілдіру үшін жұмыс жасап, Осман тілін үйреніп, үнемі жаттығуға тырыстық. Барлық оқытушылар тәжірибесі мол, өз салаларының мамандары болды. Басқа елде тұру, өзге мәдениеттің ортасында өмір сүру, үнемі жаңа адамдармен танысу өте қызық болды. Бұл сапарымыздың мақсаты түрік тіліндегі білім мен дағдыларды жетілдіру болды және біздің ойымызша, ол сәтті орындалды. Шетелдік білім беру іссапары студенттерге өздерін көрсетуге, басқа білім беру жүйесімен танысуға, басқа елдің қызықты жерлерін көруге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар дипломдық жұмысын жазу үшін қажетті мағлұмат жинап алдық, көмекке мұқтаж болғанда, үстаздар қолдарынан келгенше көмектесті.     

Біздің университетіміз орналасқан қалада, яғни Денизліде Қазақстан консулдығы ашылып, ашылу салтанатының қонақтары болдық. Сондай-ақ Президент сайлауына қатысу үшін Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен Анкара қаласына барып келдік.16 желтоқсан- Тәуелсіздік күнін қазақ студенттерімен бірігіп тойладық.    

  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының шығыстану және аударма ісі бөлімдерінің 4 курс студенттері: 

Абилхасен Абдулазиз

Амантаева Аружан

Оспанова Сабина

 

 

ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері Түркия Республикасы Нийгде қаласы Өмер Халисдемир университетіне тілдік тағылымдамада, 2019ж.

2018-2019 оқу жылының 2 семестрінде Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы тарапынан екі жақты келісім шарт бойынша Түркия Республикасы Нийгде қаласы Өмер Халисдемир университетіне тілдік тағылымдамаға жіберілдік. Бұл университетте қазіргі түркі тілдері бөлімінде білім алдық, түрік тілін жетік меңгеріп, оның тарихы мен әдебиетін тереңдетіп таныдық. Бұл жерде біз Ескі Орхон тарихы, түркі тілдерінің кіріспесі және Түрік тілінің тарихы атты пәндерді оқыдық. Бұл сабақтардан көптеген мәліметтер алдық, бұл мәліметтерді біздер диплом және ғылыми жұмыс жазу кезінде пайдалана аламыз. Бұл тағылымдама алған білімімізді тереңдете түсіп, мамандығымызға деген құштарлығымызды арттырды. Сонымен қатар түрік елінде наурыз мерекесіне байланысты ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін танытуға ат салыстық. Осындай түрлі іс-шараларға қатысқанымыз үшін тобымыз арнайы «Bozkurt», яғни Көктүрк марапатымен марапатталды. Біздің шет елде оқып келуімізге, арманымыздың іске асуына және де түрлі марапаттарға ие болғанымызға себепкер болған университетіміз бен кафедра ұжымына және куратор эдвайзеріміз Г.К. Теменоваға алғысымызды білдіреміз.

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының шетел филологиясы және түркітану бөлімдерінің 4 курс студенттері:

Толегенова Дильназ

Бахытжанова Акмарал

Мамекпаева Инкар

Шералы Ажар

Жұматай Бағлан

Жумакелдиева Мадина

 

 

ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері Түркия Республикасы Анкара университетіне тілдік тағылымдамада, 2018-2019жж.

2018-2019 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төрт студенті: Естеміс А., Сүлейменова А., Құрманғалиева А., Ханалиева С. жоғары орталама баллын көрсетіп, сонымен қатар университет өміріне белсенді қатысып Теменова Г.Қ. сынды оқытушыларының үлкен қолдауымен, екіжақты келісім бағдарламасы бойынша Түркияның бас қаласындағы Анкара Университетіне бір семестрге бару мүмкіндігін алды.

Түркия - Шығысқа Батыстың ғылыми және технологиялық жетістіктерін, ал Батысқа Шығыстың ғылыми және мәдени құндылықтарын беретін көпір. Бүгінгі таңда түрік білім беру жүйесіның жоғары сапасымен әлемде мойындалған.

Анкара университеті 1946 жылы Анкара қаласында құрылды. Университеттің ашылуына ұлы саясаткер, Түркия Республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік бастамашы болды. Университет аумағында қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан бес кампус бар.

Қазіргі уақытта университетте 18 факультет бар. Біздің университет студенттері Айсу Ата, Билал Чакыжы, Мұрат Кучук, Халиль Ибрахим, Өнал Кая, Ибрахим Ділек сынды профессорлардың қолдауымен «Тіл және тарих-география» факультетінде білім алып, ұмытылмас тәжірибе алды.

Ғылыми симпозиумдар мен конференциялармен қатар, ҚазҰУ студенттері университеттің мәдени өміріне де қатысты.

Сонымен қатар, студенттерге студенттер жатақханасында тегін орындар берілді және TÖMER тілдік курстарына ақысыз түрде қатысу мүмкіндігі берілді, бұл өз кезегінде жаңа ортада студенттік өмірдің жайлы болуына ықпал етті.

 

 

 

 

ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері Түркия Республикасы Анкара университетіне тілдік тағылымдамада, 2011ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Анкара университеті арасындағы екіжақты келісімшарт негізінде жыл сайын Анкара университетінде 3-курс студенттері 6 айлық тіл ұстарту, ал 1 курс магисранттары 1 айлық ғылыми тәлімгерліктен өтеді. Оған факультеттің ең үздік студенттері жіберіледі. Сонымен қатар осы келісімшарт негізінде кафедраның оқытушылар құрамы да Түркияның түрлі оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын жаз айларында Түркия Республикасының Манавгад және басқа қалаларында тіл үйрену және ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында оқытушыларымыз бен студенттеріміз іс сапарларға жіберіледі. Биылғы жылы да осы игі бастама келісім бойынша өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.

 2010-2011 оқу жылында әл-фараби университеті мен Түркиядағы Анкара университеті арасында академиялық келіслмшарт негізінде 1 семестрде Түркітану бөлімінің 3 курсында оқитын Мұхамеджанова Зауре мен Жаманқұлова Балжан атты студенттер 4 айлық тіл ұстарту стажировкасынан өтіп келді.2 семестрде стажировкадан өту мақсатымен 3курс студенттері Ким Алия мен Есимбекова Назира Түркияға жіберілді.