Түрксой кафедрасы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ғылыми байланыс

Түрксой кафедрасы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ғылыми байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы өз студенттердің білім алу дәрежесін, құнды білім алып, тәжірибесін іс жүзінде атқару мақсатында еліміздің ғылыми зерттеу мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Олардың ішінде Алматы қаласындағы  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы келісім шарт орнатқан әрі ғылыми байланыста болған Тіл білімі институты факультетіміздің, оның ішінде Түрксой кафедрасының студенттеріне лекция оқып, магистранттар мен PhD докторанттарын қабылдап, ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру және тағлымдамадан өту жұмыстарын үйлестіріп келеді.

А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты мен Түрксой кафедрасы арасында келісім шарт негізінде тәжірибе жетекшісі ф.ғ.к. Г.Қортабаева, докторант- магистранттардың эдвайзері проф. м.а., ф.ғ.к. З.Шадкам, Түрксой кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ү.Қыдырбаева мен Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары магистрант Э.Монтанайдың басқаруымен  «Шығыстану» мен «Түркітану» мамандығының 2-курс докторанттары осы жылдың 14 қыркүйегінен 17 қазан айы аралығында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.

А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының іс-шараларының тұжырымдамасына тоқталсақ, ғылыми-танымдық журналдарға жарияланатын мақалалардың ғылыми стилін үйретуге, машықтандыруға бағыттайды; диссертация жазу құрылымы мен автореферат дайындау әдіс-тәсілдерін меңгертеді; ғалымдардың пайымдаулары мен болжамдарын, нақты дәйектелген анықтамалары мен мысалмен дәлелденген теорияларын ажыратып, өздігінше баға беруге, одан жеке тұжырым жасауға бейімдейді; қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті ғылыми мәселелерді, тілдің қоғам үшін маңызды қолданбалы аспектілерін тануға, оны терең зерттеп, одан әрі дамытуға бағыттайды (https://tbi.kz/gp ).

Тәжірибе барысында тәжірибе жетекшісі ф.ғ.к. Г.Қортабаеваның ұйымдастыруымен «Тіл мерекесіне» қатысты А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры А.М.Фазылжанова мен кафедрамыздың студенттері арасында онлайн кездесу өткізілді.

Қорыта келгенде, өтілген ғылыми-зерттеу тәжірибеге докторант ретінде келісідей ұсыныстарды ұсындық: ғылыми қызметкерлермен байланысты үзіп алмау, яғни аталмыш институтта ғылыми-зерттеу тәжірибені келесі семестрде қайтадан өту; жалпы докторанттарға тиесілі отандық және шетелдік ғылыми жетекшімен қатар, осындай институттардан жанама ғылыми жетекшімен жұмыс жасау; институт қызметкерлерін біздің кафедраға шақырып, магистрант пен докторанттарға лекция мен семинар оқыту; екі ғылыми мекеме арасында ортақ конференция, семинар, т.б. шаралардың саны мен сапасын арттыру.

Н.Н. Кайранбаева

З. Шадкам