«Әзербайжан мәдени және тарихи» орталығы

«Әзербайжан  мәдени және тарихи» орталығы

17 мамыр күні 2018 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы жанынан «Әзірбайжан тарихи және мәдениет орталығының» ашылу салтанаты өтті. Әзірбайжан Республикасының Әлеуметтік және саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Әли Хасанов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Г.М. Мұтанов салтанатты лента қию рәсімін жасады.

Әзірбайжан Республикасының ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамадов осы орталықтың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта осы орталықта Әзербайжан тарихы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті терең зерттелетінін, түркітануға қатысты конференция, семинарлар ұйымдастырылып, әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізілетініне сенім білдірді.

Бұл тұсаукесерге Әзірбайжаннан бір топ белгілі тұлғалар, жазушылар, ғалымдар,  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері қатысты және Орталықтың ашылуымен құттықтады.

Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі өз құттықтау сөзінде, мұндай орталықтың ашылуының үлкен маңызды оқиға екенін айта келе, алдағы уақытта екі ел арасындағы білім мен ғылымның өркендеуіне тілектестігін білдіріп, Түркі Академиясы шығарған 100 кітапты тарту етті.

Мұндай орталықтың ашылуы бүкіл жұртшылық үшін қуанышты оқиға болды.

         Жақында Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік комитеттің диаспорасымен жұмыс туралы сарапшысы Теймур Атаев мырза бастаған қонақтар «Әзербайжан мәдени және тарихи» орталығына келді. Теймур Атаев мырза Орталықтың алдағы уақытта түркітану ғылымының өрісін кеңейтетін, әзербайжан халқының тaри­хы мен этногрaфиясын, мә­де­ниеті мен әде­биетін, ті­лі мен рухa­ни мұрасын зерт­тейт­ін бірден бір орталық болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ кабинетке қажетті оқу-әдістемелік кітаптармен қамтамасыз етуге және де материалдық көмек жасауға уәде берді.