Қазақстан университеттеріндегі онлайн оқу

 

ХХІ ғасыр әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге сай бола білу үшін білім беру мен оқу процесі қандай болуы керек екендігі туралы біздің көзқарасымызды айтарлықтай әртараптандырды. Жаңа талаптар мен мүмкіндіктер білім беру жүйесін жаһандандыру қажеттілігін тудырды. Кез келген білім беру мекемесі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім беру сапасы мен мазмұны туралы ақпаратты ұсыну үшін, қоғамда және жалпы білім беру саласындағы жаңа бағыттардың пайда болуын болжай отырып, әрқашан бәрінен бір қадам алға озып отыруы керек.

   Қазіргі таңда карантиндік режимге байланысты бүкіл әлем білім берудің инновациялық және балама әдістеріне күрт көшіп жатқанда, аталмыш әдістерді Университетіміз бұрыннан қолданып келгендігімен мақтанады. Онлайн және қашықтықтан оқытуға тез ауысу біздің университет үшін қиын жағдай тудырмады. Әлемді дүр сілкіндірген, ешкімді бейжай қалдырмаған осынау күндерде онлайн лекциялар, семинарлар мен конференциялар университетімізде бұрыннан іске асырылып келгендіктен, профессорлық-оқытушылар құрамы бұл өзгерістерді қабылдауға толықтай дайын екендігін көрсете білді.

   Университетіміздің онлайн сабақтары материалды ұтымды және ұйымдастырылған түрде ұсынуымен ерекшеленеді. Қысқа мерзімде студенттерді жаңа оқу жағдайымен таныстыру курстары әзірленіп, өткізілді. Игерілген жаңа дағдылар мен оқыту әдістері студенттердің білімін жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді. Процесті оңтайландыру үшін біздің мұғалімдер материалды толықтай меңгерту мақсатында соңғы ноу-хау әдістерін қолдануда. Онлайн оқыут жоспарланған курстық материалды сапалы түрде тиімді қамтуға, тапсырмаларды орындау мерзімдерін және ақпараттың игерілу пайызын бақылауға мүмкіндік береді. Студент материалды толықтай игеруге мақсатында оқытушымен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы кері байланыс орната алады.

       Қазіргі таңда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  білім беру парадигмасының заманауи бағытына сәйкес сапалы білім беретіндігін, сонымен қатар дағдарыс жағдайында да студенттеріміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін оңтайлы жағдайлар жасай алатындығын көрсетті.

                                                                     ХАЛЕЛ А.

                                                                     ДУЛАЕВА Э.З.

 

Басылым күні :  11.04.2020