"Әзербайжан әлемі" журналының тұсаукесері

Түбі бір түркі елі саналатын Әзербайжан туыстық қарым-қатынасы жылдан жылға артып келеді. Тек экономикалық жағынан ғана емес, тарихи-мәдени тұрғыдан да көптеген жетістіктерге жетуде.Бүгінде ортақ құндылықтарымызды дәріптеу жолында екі елде қолдан келгенше ауқымды істерді тандырып жатыр. Соның куәсі ретінде "Әзербайжан әлемі" журналының кезекті санының Қазақстанға арналуы десек артық айтқандық болмас. Алматыдағы Ұлттық кітапханада "Әзербайжан әлемі" журналының кезекті санының тұсауы кесілді. Шара аясында еліміздің белгілі ақын жазушысы Олжас Сүлейменов "Отанның ұлы" атты алтын медальмен марапатталды. Бұл өз кезегінде қос мемлекеттің тағы да достығын айқындап отыр. Өз кезегінде шараның басты қонағы "Деде Горгуд" қорының президенті Эльдар Исмаилов: "Деде Горгуд" қоры мен "Әзербайжан әлемі" атты журналының атқарып келе жатқан жұмысының негізгі мақсаты түркі тілдес елдердің ортақ мәдениетін дәріптеу, бауырлық қарым-қатынасты нығайту. Қазақстанға көптеген елдің айтар алғыстары шексіз. Өздеріңіз білесіздер, ашаршылық кезінде қазақ еліне көптеген ұлттар келіп паналады. Қазақ елі құшағын жайып қарсы алды, нанымен бөлісті. Бұл тарих ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Қазақстанның Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен Түркі әлемі үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан мен Әзербайжанның достығы жасай берсін" деді.
Салтанатты шараға еліміздің танымал тұлғалары, ақын, түрколог Олжас Сүлейменов, Әзербайжан елшілігінің өкілдері, Әзербайжан диаспора Комитеті, консулдық өкілдері, Шығыстану факультетінің деканы РһD доктор Ы.Палтөре, Түрксой кафедрасының ұстаздары мен студент-докторанттары қатысты. Бұл іс шараны Гейдар Алиевтің «Достық» республикалық қоғамының вице-президенті, Халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Кенжина Насиха Гумаровна жүргізді.
Кортабаева Г.К.
Түрксой кафедрасы
Шығыстану факультеті

Қыркүйек айының 27-ші жұлдызында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Azәrbaycan dünyası» атты ғылыми-танымдық журналының тұсаукесері өтті.
«Azәrbaycan dünyası» атты халықаралық журналдың ғылыми мұрасына талдау жасаған ғалымдардың мақалалары, қазіргі тілдік ахуал және Қазақстан мен әлемдегі тіл саясаты, тарихи-мәдени даму үдерісіндегі ұлттық тіл, латын графикасына көшу, оқу орындарында мемлекеттік тілде кәсіби білім берудің өзекті мәселелері, әлемдік рухани құндылықтар мен мәдениетаралық ықпалдастық мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар енгізіліп отыр.
Іс-шараға еліміздің көрнекті ғалымдарының бірі, қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші Олжас Омарұлы Сүлейменов қатысып, іс-шарамызға ізгі тілек құттықтауларын жеткізе отырып, ғылыми-танымдық журналымыздың лентасын кесіп берді. Сонымен қатар кейінгі ұрпаққа халықаралық деңгейде және тарихты қалпында жеткізуіміз үшін, біз әзербайжан графикасында шыққан журналдардың факсимилелік басылымды, зерттеушілердің құнды еңбектері кейінгі ұрпаққа таптырмас қайнар көзіне айналатынына сенімін білдірді.
Сонымен қатар іс-шара барысында сөз кезегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, қазақстанның шығыс тілдерін игерген жоғары білікті мамандар даярлайтын ірі орталығы болып табылатын, Шығыстану факультеті деканы, PhD. Молдатөреұлы Палтөре Ықтияр мырзаға берілді: «Бүгінгі жиынымыз әрбіріміз үшін ғалымның ғибратты ғұмыры мен ғылымдағы жолы, қайраткерлік қызметі мен мемлекеттік ынтымақтастықты дамыту жолындағы ерен еңбегі, түркі тілдер мәселесі мен ана тілімізде кәсіби білім берудің жай-күйі жөнінде тағылымы мол алқалы жиын болады» деген тілегін білдірді.
Шараға келген қонақтар арасында Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD. Қыдырбаева Ү.Т., оқытушы ф.ғ.к., Дулаева Э.З., Түрксой кафедрасының ғылым мен инновация жөніндегі орынбасары PhD. Абдукадыров Нұржігіт журналдың жарық көруіне орай жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
Іс-шара қатысушыларының ортақ пікірі бойынша, кітаптың әзербайжан тіліндегі басылымы екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстардың нығайтуына лайықты үлес қосады.
ТҮРКСОЙ кафедрасының
аға оқытушысы докторант А.Халел







