Профессор Мехмет Наджи Онал және профессор Зухаль Өлмездің ғылыми семинары

2018 жылдың 29 қараша күні, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті жанындағы Түрксой ғылыми-білім және мәдени орталығының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Мехмет Наджи Онал және Йылдыз Техникалық университетінің профессоры Зухаль Өлмездің қатысуымен ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

Профессор Зухаль Өлмез «Шағатай тіліндегі сөздіктер» тақырыбы аясында жасаған ғылыми жұмыстарымен бөлісті. Алғашқы шағатай тіліндегі «Абушка» сөздігі жайлы жан-жақты мағлұматтар берді. Профессор Мехмет Наджи Онал "Әдеби зерттеудің әдістемесі" тақырыбында баяндама оқыды. Ғалым Мехмет Онал баяндамасында балалардың тәрбиесінде әдебиет пен тәрбиелік мәні бар өнегелі ертегілердің маңыздылығын мысалдар арқылы келтіре келіп, олардың зерттелуінде қолданылатын әдіс – тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға факультетіміздің оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер қатысты. Семинар соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар қойыла отырып, қызу талқылауға ұласты.

Ұйымдастырушылар және жауаптылар: Түрксой ғылыми және мәдени орталығы, Түрксой кафедрасының аға оқытушылары Ү.Қыдырбаева, Н.Шуиншина

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева

Басылым күні :  30.11.2018