Рухани жаңғыру: Ю. Әміре жырлары қазақ тілінде жырланды

2018 жылдың 6 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында «Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Юнус Әміре жырларының қазақ тіліне аударылуына үлкен үлес қосқан ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлымен қатар Стамбул университетіФараби Еуразиялық ғылыми-зерттеуортылағының директоры проф. Абдуллах Қызылжық, Йедитепе университеті қауымдастырылған профессоры Ариф Аджалоғлы, әл-Фараби университеті оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Кешке қатысушылар Түркі дүниесінің көрнекті ақыны, сопылық поэзияның үздік өкілі Юнус Әміренің жақында жарық көрген жырларын қазақ түрік тілдерінде тыңдай отырып, өмірі, шығармашылығы және жырларының қазақ тіліне аударылуы жайлы мәліметтерге ие болды. Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы тыңдаушыларға сопылық ілімнің көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидың рухани шәкірті Юнус Әміренің илахи жырларын Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкері, аудармашы Мәлік Отарбаевпен бірге «Екі жарты бір жүрек» болып үш жыл бойы аударғандықтары, аударма өнерінің қиындықтары мен ләззат силайтын жақтары, сопылық әдебиет, Юнустың Аллаға деген шексіз махаббаты жайлы баяндап берді. Бұл еңбектің жарық көруі және ойшыл ақын Юнус Әміренің қазақ жұртына танылуы, Атажұрт пен Анажұрт арасындағы әдеби байланыстарымыздың нығаюына үшін үлес қосқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкері, аудармашы Мәлік Отарбаевпен ұлы ақынның жырларының қазақ тіліндегі көркемдік аудармасын жасаған кең жүректі ақын ағамыз Дәулетбек Байтұрсынұлына,  кітап редакторы ақын Кәдірбек Құныпияұлына, ақын, дінтанушы Ерзат Төлешке, кешімізді ұйымдастырған ТҮРКСОЙ бөліміндегі әріптестеріміз бен студенттерімізге және қатысқан барша достарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ұйымдастырушылар: ТҮРКСОЙ кафедрасының

куратор-эдвайзерлері: Г.Қ. Теменова, А.Ж. Назарова

Басылым күні :  13.04.2018