Аударма ісі пәні бойынша республикалық олимпиада

03.05.2024

Көрулер: 470

Шығыс тілдерін оқытуды жетілдіру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында аса дарынды және талантты студенттерге қолдау көрсету мақсатында Шығыстану факультеті 2024 жылы 2 мамыр аралығында ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында Аударма ісі пәнінен республикалық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға қатысуға 24 қатысушы өтініш білдірді, оның ішінде 6 студент марапатқа ие болды - бұл Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қытай тілін оқитын «Аударма ісі» мамандығының 2-3 курс студенттері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ).

Орындалған тапсырмаларды қарастырып, эссе жазып, қатысушылардың баяндамаларын қорғай отырып, конкурстық комиссия марапатқа ұсыну туралы шешім қабылдады:

1. І дәрежелі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен

Байбатырова Улжан Нұржанқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы «Аударма ісі» мамандығының 4 курс студентті

2. ІІ дәрежелі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен

1. Әшімхан Данияр Есімханұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студентті. 

2. Тасқын Айман Тасқынқызы Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студентті 

3. ІІІ дәрежелі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен

1. Есентай Рахим – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы, «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студентті

2. Қамбар Аяулым Ақбергенқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студентті

3. Досанова Ұлжан Серікқызы – Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студентті