Ашық есік күні өтті

17.04.2024

Көрулер: 51

11 сәуірде шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Алматы қаласының әр ауданынан көп оқушылар келді. Аталмыш факультеттің төрт кафедрасының кәсіптік бағдар бойынша жауапты оқытушыларының атсалысуымен келген мектеп оқушыларына факультеті деканы мен орынбасарлары, аға эдвайзер сөз сөйлеп, факультеттің тыныс-тіршілігі таныстырып, студенттер оқитын шет тілдерінде ән салды. Шығыс мұражайын жаңғыртып, модератор болған қытайтану кафедрасының ғалымы Ф. Дәулет келген қонақтарға шығыстың атақты ғұламаларын таныстырды. Іс-шараға қатысқан Иран Ислам республикасының Алматыдағы елшісі сөз сөйлеп,  Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени және тілдік байланыстарға тоқталды. Келген құрметті қонақтар мен оқытушыларға алғыс хат берілді. Соңында оқу ғимаратын аралады. Қытайтану кафедрасының доценті Е. Керімбаев пен магистранттардың жазған қытай ұлтының хаткерлік өнеріне тәнтті болды.