Қытайдың дәстүрлі «Шамдар мерекесі» аталып өтті

28.02.2024

Көрулер: 177

23 ақпан күні «Шанс» баспасында Қытайдың дәстүрлі «Шамдар мерекесі» аталып өтті. Биылғы қытайдағы жаңа жылды тойлау  12 ақпанда басталып, 26 ақпанға дейін жалғасады. Осы мерекенің соңғы үш күнінде «Шамдар мерекесін» атап өтеді. Бұл мейрамда күріш ұнынан пісірілген кішкентай домалақ пішінді нан "юаньсяо" тағамы дайындалады. Өнерпаздар айдаһар немесе жолбарыс бейнесіндегі шамдармен би билеп, ағашаяқпен жүріп, аспанға отшашулар атылады. Осы мерекеге орай,, бүгін «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясында Қытайдың дәстүрлі «Шамдар мерекесі» аталып өтті. Оған Кітап палатасының директор орынбасары Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің, Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD профессоры Фарида Оразақынқызы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің ұстаздары мен студенттері, Қытай тілі оқыту орталығының оқытушылары келіп қатысты. Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері келіп өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында келген қонақтарға сый-сияпат табысталып, шағын дастархан ұйымдастырылды.