Ауызша аударманың жасалу технологиясы, əдістемелері, аудармашы əдебі – кəсіби маманданудың басты негізі

27.02.2024

Көрулер: 109

26 ақпан күні қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қойбақова Айжан әдістемелік семинар-практикум өткізді. Семинар тақырыбы «Студенттерде ауызша аударма дағдыларын қалыптастыру: мнемотехника және жағдаяттық тәсілдер». Семинарда ауызша аударманың ерекшелігімен қоса, ауызша аудармаға машықтану техникалары көрсетілді. Аудармашының есте сақтау қабілетінің мықтылығы, оның жоғары деңгейі мен машықтануы айтарлықтай дəрежеде аударма сапасын анықтайды. Сондықтан студенттерге есте сақтау қабілетін жақсарту үшін қолданылатын тәсілдер айтылып, тәжірибе жүзінде көрсетілді.