Кафедра оқытушылары «Көктем мейрамын ыстық ықыласпен қарсы алайық» атты сауық-кешіне қатысты

21.02.2024

Көрулер: 137

2024 жылдың 20-ақпан күні ҚХР Алматыдағы бас консулдығы жылдағы дағдысымен Шамдар фестивалына «Көктем мейрамын ыстық ықыласпен қарсы алайық» атты сауық-кешін өткізді. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер минстрлігінің Aлматыдағы өкілдігі, түрлі елдердің дипломатиялық қызметі мен мәдени орталықтардың өкілдері, ҚР-дағы Қытайдың ірі компаниялары мен кәсіпорындарының өкілдері, студенттер және бизнес пен білім, әдебиет пен мәдениет, баспасөз бен медиа салаларында жемісті еңбек етіп келе жатқан адамдар шақырылды.   Кештің басында ҚХР Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй ханым баяндама жасады. Сөзін мерекелік құттықтаудан бастап, шараға қатысып отырғандардың екі мемлекет қатынасының баянды дамуына қосқан үлестерін лайықты бағалап, “Қытайдың да, Қазақстанның да дүниежізілік байланысының кеңейіп келе жатқандығын, екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық әріптестіктің екі ел халқының түбегейлі мүддесіне сай келетіндігін” туралы айтып өтті. Келген қонақтар қытай және қазақ әртістерінің дайындаған концерттік нөмірлерін тамашалап, екі ел асханасының түрлі дәмдерінен ауыз тиіп керемет көңіл күймен тойлады. Осы кешке ҚазҰУ өкілдері, оның ішінде шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының да өкілдері қатысып, үлкен ықыласқан бөленіп қайтты.