Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Рим (Италия) қаласына іссапармен барды

17.01.2024

Көрулер: 186

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Серікқалиева А.Е., «Шығыс елдерінің дамуының конфуцийлік моделінің прагматикалық тәжірибесі: Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея» жобасы аясында іссапарға жіберілді. Жоба жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Алдабек Н.А. Жобаның жетекші ғылыми қызметкері ретiнде Серікқалиев А.Е. 2023 жылдың 13 желтоқсанынан 22 желтоқсанына дейін Рим қаласына (Италия) жіберілді. Сапар мақсаты: Италиядағы Орталық Азия және Кавказ зерттеулері қауымдастығының (ASIAC-2023) «Еуразиядағы адам және қоршаған орта» тақырып бойынша 17-ші жыл сайынғы конференциясына спикер ретінде қатысу, сонымен қатар «Орталық Азиядағы Қытайды зерттеу» сарапшы дөңгелек үстеліне спикер ретінде қатысу. Конференцияның мақсаты – Италиядан және басқа елдерден келген осы географиялық аймақтарды зерттейтiн ғалымдар арасындағы ғылыми диалогты насихаттау. Конференция тарих, лингвистика, филология, әдебиет, саясат, әлеуметтану, археология және географияны қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей) кең ауқымды пәндердің үлесін құптайды.

Іссапарда барысында келесі іс-шаралар өткізілді: Сериккалиева А.Е. Орталық Азия мен Кавказды Италиядағы зерттеулер қауымдастығының 17-ші жыл сайынғы конференциясында «Белдеу және жол» бастамасын жүзеге асырудағы экологиялық тәуекелдер: бірлескен өндірістік кәсіпорындардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Рим Сапиенца университетінің саяси ғылымдар кафедрасы, Жерорта теңізі және шығыстану халықаралық қауымдастығы, Орталық Азия және Каспий теңізі обсерваториясы және Geopolitica.info қолдауымен ұйымдастырылған бұл конференция осы салаларда жұмыс істейтін ғалымдар арасында ғылыми диалогты ілгерілетуге бағытталған.

Конференцияның екінші күні Сериккалиева А.Е. Орталық Азиядағы Қытайды зерттеуге арналған конференция аясындағы сарапшылық дөңгелек үстелге қатысты. Онда ғалымдар өңірдегі зерттеу әдістемесі мен далалық жұмыстар кезінде кездесетін қиындықтарды талқылады. Конференция мен дөңгелек үстел осы саладағы жетекші еуропалық ғалымдардың басын қосты. Конференцияда Римнің Сапиенца университетімен одан әрі халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы болашақта бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды. Қазіргі уақытта бұл сапар жобалық зерттеу саласындағы жұмысты табысты жалғастырудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Конференция аяқталғаннан кейінгі күндерде Сериккалиева А.Е. Римдегі Сапиенца университетінің кітапханасында жұмыс істеді, жоба тақырыбы бойынша 35-тен астам дереккөз өңделді.