«ХХІ ғасырдағы оқитын шығыс еліндегі трансформациялық үдерістер» пәні бойынша ашық сабақ өтті
Көрулер: 544
2023 жылдың 20 қарашасы күні Қытайтану кафедрасының доценті Керімбаев Ержан ашық сабақ өткізді. Сабақ 2 курс магистранттарына «ХХІ ғасырдағы оқитын шығыс еліндегі трансформациялық үдерістер» пәні бойынша өтті. «Қытайдың «жұмсақ күш» саясатының трансформациясы» деген тақырыппен өткен семинар сабағы бүгінгі күні өзекті болып отырған мәселеге арналды. Сабақта осы мәселені 4 магистрант төрт түрлі қырынан қарастырып, жан-жақты зерттегендерін көрсетті. Магистрант Оразбаев Сұлтан «Жұмсақ күштің ҚХР саясатында алатын орны» деген тақырыпта сөйлесе, Бапаева Айдана «Қытайдың бүгінгі күні жүргізіп отырған «жұмсақ күш» стратегиясы», Каменов Уәлібек «Конфуций институттарының трансформациясы және Лу Бан шеберханалары» және Есентаев Бауыржан «Қытайдың инвистициялық саясаты «жұмсақ күш» құралына айналды» деген тақырыпта сөйледі. Магистранттар тек қана мәселені баяндап шыққан жоқ, сонымен қатар осы мәселеге қатысты өз ойларын, пікірлерін, сараптамаларын ортаға салды. Қортынды жасап, өз ұсыныстарын алға тартты. Оқытушы Керімбаев әр тақырыптың соңынан магистранттардың жұысының артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтіп, кем-кетігін толықтырып отырды. Ашық сабақтың негізгі көздеген мақсаты да магистранттарға зерттеуші ретінде өз беттерінше ізденіп, түрлі мәселеге қатысты сараптамалар мен ұсыныстар жасауға баулы болды. Сабаққа қатысқан оқытушылар үшін де ашық сабақ өте қызықты болды.






