Кемел Тоқаев аудиториясы ашылды

04.10.2023

Көрулер: 556

04.10.2023.Көрнекті жазушы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кемел Тоқаев аудиториясы ашылды. Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы мен оқытушы Дүйсенбай Құлпынай аудиториясының ашылуына қатысты. Шара барысында Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай басылып шыққан «Детектив дарабозы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кемел Тоқаев атындағы аудитория заманауи үлгіде безендірілген. Онда жазушының шығармалары, мақалалары жарық көрген басылымдар және қаламгер туралы жазылған кітаптар, фотосуреттер қойылған. Білім алушы жастардың емін-еркін сабақ оқуларына жағдай жасалған.