№133 мектеп-гимназиясының бітіруші түлектерімен кездесу өтті

24.05.2023

Көрулер: 870

23.05.2023 жылы тәрбие сағатында мектеп басшылығының мақұлдауымен кафедрамыздың тәжірибелі ұстазы ф.ғ.к Серік Мұстафаұлы Алматы қаласы білім беру басқармасының №133 мектеп-гимназияcының оқу бітіруші түлектерімен кездесу сәтіне ие болып, түлектермен сұқбаттасып қайтты.

Жалпы мектеп-гимназиясында үш жарым мыңға жуық оқушы бар болып, оның ішінде осы жылы оқу бітіруші түлектердің жалпы саны жүзден астам. Бітіруші түлектермен кездесу ыстық ықыласты өтті. Бітіруші түлектердің алда мектеп қабырғасынан аттанып ҚР- дағы жоғары орындары мен өздеріне қажетті мамандықтарды таңдауға байланысты көкейкесті мәлелеріне нақты тұшымды жауап берілді.

Кездесу сәтінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жалпы жағдайы, оқыту және ғылыми зерттеу әлеуеті жайында қысқаша ақпараттар берілді. Өте-мөте ҚазҰУдың Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы және оның оқытушы-профессорларының біліктілігі, оқыту базасы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Әсіресе жуықта ҚХР – ның Ци ан қаласында өткен Қытай және орта Азия елдері басшыларының сәммиті және сәммитте қол жеткізілген ортақ мәмілелер мен жетістіктер кең ауқымда әңгімеленді, сол арқылы оқу бітіруші түлектердің қытай тілі мамандығының өзектілігі жөніндегі көзқарасы айқындалып, қытай тілі мамандығына деген қызығушылығы еселеп арта түсті.