«ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ»

16.03.2023

Көрулер: 1083

 

  2023 жылдың 11 наурыз күні Қазақстандағы жапон тілін оқитын студенттер арасында 26-рет өткен шешендік өнер сайысында Қытайтану кафедрасының 1-курс магистранты Оразбаев Сұлтан 1-орын алды. Бұл сайыс шет елдерде жапон тілінің дамуы мен таралуына қолдау көрсету мақсатында халықаралық Жапон қоры, Қазақстандағы Жапонияның елшілігінің бастамасымен жүзеге асып, жыл сайын өткізіліп отырады. Негізгі оқитын тілі қытай тілі болғанына қарамастан, Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығында өз бетінше жапон тілін қоса үйреніп жүрген Сұлтан, жапон тілін оқып жүрген мықты студенттермен тайталасқа түсіп, жеңіп шықты. Қазақтың «Жеті жұрттың тілін біл» деген тәмсілін орындап жүрген Сұлтанға болашақтағы жарыстарда да мерейі үстем болсын дейміз.