Ашық есік күні өтті
Көрулер: 828

2023 жылдың 16 ақпан күні сағат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептері мен гимназияларының түлектерімен кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған Ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде мектеп оқушылары басқа кафедралармен қатар қытайтану кафедрасын да аралап, кафедра басшылығымен, оқытушылармен танысты. Оларға кафедрадағы білім беру бағыттары, оқу үдерісі, Қытайда білім алу мүмкіндіктері жайлы толыққанды ақпарат берілді. Іс-шара соңында олар Қытайдың каллиграфия өнерін тамашалап, факультет студенттері дайындаған концерттік бағдарламаға қатысты. Студенттер өздері оқитын шығыс тілдерінде, оның ішінде қытай тілінде өнерлерін көрсетіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.







