Нью-Йорк штаттық Университеті Тарих факультетінің Ph.D докторанты,жазушы Айдос Амантайұлымен кездесу өтті

22.04.2022

Көрулер: 873

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану  кафедрасының оқытушысы Дүйсенбай Құлпынайдың жетекшілігімен  Нью-Йорк штаттық Университеті Тарих факультетінің Ph.D докторанты,жазушы Айдос Амантайұлымен кездесу өтті.  Іс-шараға ҚазҰУ-нің Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шараның  мақсаты   студенттерге Америка елінде білім алу жайлы ақпарат беру  арқылы  олардың қытай тіліне деген қызығушылығын  одан әрі арттыру. Алдымен студенттер   Айдос Амантайұлының өмір жолымен жалпы танысып өтті.  Одан соң өздерін мазалаған оқу жүйесі жайлы сұрақтарын қойды.  Іс-шараның барысында студентер өз ойларымен бөлісіп, шет елде оқу  ,қытай тілі жайлы білімдерін толықтырды.