Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханмен кездесу өтті

06.04.2022

Көрулер: 1197

2022 жылдың 6-сәуір күні Шығыстану факультетінің ұжымы Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханмен кездесу өткізді. Кездесуге факультеттің оқытушы-профессорлар құрамымен қатар, зерттеу орталықтарының директорлары, докторанттар, магистранттар және жоғарғы курс студенттері қатысты.

Бұл кездесуіміздің ең басты мақсаты – осы жылдың ақпан айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасында ғылым және білім интеграциясы бойынша қол қойылған меморандум негізінде бірлесіп жұмыс атқару екенін ерекше атап өтті.

Осыған қатысты туындап отырған бірқатар мәселелер бар екені және оны шешу үшін нақты ұсыныстар да айтылды.

Кездесу соңында Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре тағылымы мол, мазмұнды кездесу үшін Д. Мәсімханұлына алғыс білдірді. Дүкен Мәсімханұлы факультет кітапханасына институттың соңғы жылдарда баспа көрген кітаптары мен өзінің жеке авторлық кітаптарын сыйға тартты. Сондай-ақ, өзі бұрын қызмет істеген Қытайтану кафедрасына барып, аудиторияларды аралап ұстаздармен емен-жарқын әңгімелесті.