"Қытай тілі мен мәдениеті апталығының" ашылу салтанаты өтті

14.03.2022

Көрулер: 1014

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану  кафедрасының оқытушысы Дүйсенбай Құлпынайдың жетекшілігімен " Қытай тілі мен мәдениеті апталығының"  ашылу салтанаты өтті.  Аталмыш іс-шараға ҚазҰУ-нің Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шараның  мақсаты   студенттерге Қытай халқының мәдениетінің ерекшеліктерін таныстыру және тек  қытай тілін жетік меңгерумен шектелмей ,   оның әдебиеті мен мәдениетін сабақтастыра  үйренуді  түйсіндіру.  Алдымен студенттер  Қытай  таңбалары туралы қызықты мәліметтерге шолу жасады.  Оған қоса қытайдың әдебиеті мен ерекше музыкалық аспабы жайында тың ақпараттармен бөлісті. Апталықтың ашылу салтанаты Қытайтану кафедрасының меңгерушісі

Е. А.   Керимбаевтың    болашақ қытайтанушы - студенттерге арналған түйінді ойымен аяқталды.   Ал осындай  шаралардың нәтижесінде,  студенттер Қытайды жаңа бір қырынан танып білуге  мүкіндік алары анық!