«Қытай астанасының тарихи ғимараттары» мәдени іс-шарасы

28.10.2021

Көрулер: 1492

2021 жылдың 25 қазанында «Бейжиң Гугуң сарайы, Иыхыюуан орда саяжайы, Бейжиңдегі тұрғылықты халық қоныстанып келе жатқан Сыхыюуан аулалары» атты мәдени іс-шарасы өтті. Бұл шараға қытай тілі мұғалімдері мен студенттер қатысты.

Қытай астанасы Бейжиңдегі тарихи құрылыстар оның ішінде Бейжиң Гугуң сарайы, Иыхыюуан орда саяжайы,Бейжиңдегі тұрғылықты халық қоныстанып келе жатқан Сыхыюуан аулалары сан ғасырлық қытай тұрар жай мәдениетінің өшпес айғағы екендігі - ондаған ғылыми еңбектер мен кітаптарда сипатталған құбылыс. Сарапшылар Бейжиңдегі тарихи құрылыстарды адамзат ақыл-парасатының жауқары сондай-ақ қазіргі күнге дейін мүкамал сақталып келе жатқан тарихи мұра ретінде бағалап отыр.

Сонымен Қытайдағы Бейжиң орда сарайлары сияқты тарнихи құрылыстардың мәдени мұраларды зерттеуде қандай рөлі бар?олардың ерекшеліктері қандай? Олардың артында қандай тарихи оқиғалар жасырынған?

Осы және басқа да көптеген сұрақтарға оның дәрісінде , қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Мұстафаұлы Серік жауап берді.