Мұқағали - мәңгілік ғұмыр

17.02.2021

Көрулер: 1763

2021 жылы қаңтардың 15-і күні қытайтану кафедрасы шетел филологиясы мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс студенттері арасында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты кеш ұйымдастырылып, қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, ақынның поэзиялық өлеңдері мен әндері шырқалды. Шара өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Мұқағалидың рухына тағзым етумен басталды.  

Іс-шара мақсаты ақын өлеңдері арқылы студенттердің Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қоса, қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған ақынның жауһар жырларын қазақ жастарына насихаттау.

Ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл кеш жалпы үш кезеңнен тұрды: Бірінші кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» деп аталды. Мұнда ақын өмірбаяны баяндалды. Екінші кезең «Жырлайды жүрек» деп аталып, Мұқағали Мақатаев шығармашылығына шолу жасалды, ақынның шығармашылығы жайлы толығырақ ақпарат беретін бейне-жазбалар мен слайд көрсетілді. Үшінші кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңде студенттер ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Шараға қатысушылар поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды.