Қытай халқының жаңа жылына арналған кеш өтті

05.02.2021

Көрулер: 1802

2021 жылдың бесінші ақпан күні ҚХР Синан университетінің қолдауымен Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ және Конфуций институты бірлесе ұйымдастырған Қытай жаңа жылына арналған онлайн мәдени іс-шара өтті. «中国春节文化趣事会» тақырыбында өткен онлайн-концертке Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын оқу орындарының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Бұл іс-шара барлық қатысушылардың қызығушылығын тудыратын шаралардың бірі болды. ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері және осы кафедраның «Жібек жолы» үйірмесінің мүшелері де аталмыш шараға қатысып, өз өнерлерін паш етті. Атап айтсақ, олар жаңа жыл туралы өлең жырларымен бөлісіп, қағаздан әртүрлі бейнелер жасады. Бұл іс - шараға қатысушылар Қытай жаңа жылының шығу тарихына, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қанығып, көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болды.