«Диплом жұмысын жазу техникасы» тақырыбы бойынша онлайн-дәріс өтті

11.12.2020

Көрулер: 1883

2020 жылдың 11 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану  факультеті, қытайтану кафедрасының PhD докторы, доцент м.а. Досымбекова Рауан Өрікбайқызы 4-курс студенттері мен «Жібек жолы» үйірме мүшелеріне «Диплом жұмысын жазу техникасы» тақырыбы бойынша онлайн-дәріс өтті. Дипломдық жұмыс – бітіруші студенттер үшін қызықты әрі маңызды тақырыптардың бірі. Досымбекова Рауан көп жылдық тәжірибесін студенттермен бөлісті. Атап айтқанда, ғылыми жұмыс жазу барысында тиісті әдебиеттерді іріктеу, қажетті сайттарды дұрыс пайдалану және сілтемелерді жүйелі қолдану туралы пайдалы кеңес берді. Сонымен қатар, студенттерді қызықтыратын сұрақтардың бәріне тұшымды әрі нақты жауап берді.

Дипломдық жұмыс студенттің төрт жыл бойы жинаған білімінің тобықтай түйіні болғандықтан, бұл процесске үлкен жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты. Диплом жетекшісімен тығыз байланыста болып, кез-келген сұрақ бойынша кеңес алудың маңыздылығына тоқталды. Бітіруші студенттер қазіргі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу барысында диплом жұмысын жазуға зор септігін тигізетін дәрісі үшін Досымбекова Рауан апайға шексіз алғыстарын білдірді.