Орталық Қытай аграрлық университеті әдебиет институтының профессоры онлайн форматта дәрістер курсын өтті
Көрулер: 1656
2020 жылдың қараша айының 5-26 аралығында Орталық Қытай аграрлық университеті әдебиет институтының профессоры, Қытай мәдениетін насихаттау және тарату орталығының директоры Би Гың мырза шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушыларына, докторанттары мен магистранттарына онлайн форматта арнайы дәрістер курсын өтті. Барлығы 4 дәрістен тұратын курс «Әдебиеттегі пәнаралық зерттеулер әдіснамасы» деп аталады. Бірқатар дәрістер сериясынан тұратын курста әдебиет теориясынан бастап, мәдениет пен әдебиет, әдебиет пен философия, әдебиет пен дін, әдебиет пен тіл сияқты пәндердің арақатынасы мен зерттеу әдістемесі сияқты тақырыптар қамтылды. Аталған курста қарастырылған тақырыптар кафедра оқытушыларының, докторанттар мен магистранттардың қызығушылығын туғызды. Әр дәріс соңында тақырыпқа қатысты мәселелер қызу талқыланып, сұрақ жауапқа ұласып отырды. Кафедраның оқытушылары мен ғалымдары бұл курстан өте көп дүние үйреніп, білімдерін шыңдай түсті. Болашақта осындай курстарды тұрақты ұйымдастырып тұру ұсынылды.






