Кафедра жаңалықтары

«Қытайдың заманауи қоғамындағы жоғары білім және ғылым саласындағы модернизациялық үрдістер» тақырыбында ғылыми семинар өтті

27.12.2022

27 желтоқсан күні қытайтану кафедрасы «Шығыстану» мамандығының 2 курс докторанты Сабиғазина Сәуле «Қытайдың заманауи қоғамындағы жоғары білім және ғылым саласындағы модернизациялық үрдістер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Ғылыми семинар өтті

27.12.2022

27  желтоқсан күні қытайтану кафедрасының «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» мамандығының 2 курс докторанты Қойбақова Айжан «Қытай онимдерін қазақ-латын графикасында трансформациялау мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының доценті мен 2 курс магистранты біліктілікті арттыру курсынан өтті

25.12.2022

2022 жылдың 4-10 желтоқсан аралығында қытайтану кафедрасының доценті, PhD Сапарбаева Н.Б. мен 2 курс магистранты Су Цзяин «Цифрландыру дәуіріндегі лингводидактиканың өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша Н.П.Огорев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінде (Ресей, Саранск) біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бағдарламада қазіргі цифрландыру дәуіріндегі лингвистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері талданды.

Ары қарай оқу >>

«Қоғам және жазушы» атты дөңгелек үстел өтті

20.12.2022

Қытайтану кафедрасында «Әлем халықтары жазушылар одағының» мүшесі, жазушы Н. Абдырақынмен «Қоғам және жазушы» атты дөңгелек үстел өтті. Жазушы жаңа жазылған «Жан тыныштығы» атты әңгімелер жинағы және «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эссе мен ой толғамдарының электрондық нұсқасымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының магистранты – әлемдік доданың үшінші орын иегері атанды

18.12.2022

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қытай тілін оқитын шетелдік студенттер арасында «Қытай тілі көпірі» сайысының Қазақстан бойынша жеңімпазы, қытайтану кафедрасының магистранты Кенжебекова Мадинаны сайысты ұйымдастырушылар  әлемдегі ең мықты 30 сайыскердің қатарына қосқан болатын. Енді осы отыз сайыскер арасынан үшінші орын жүлдегері атанды. Мадинаны шын жүректен жеңісімен құтықтаймыз! Бұл университетіміз үшін үлкен абырой, оны зор мақтанышпен айта аламыз!

Ары қарай оқу >>

«Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

14.12.2022

14 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының 1 курс докторанты Шарыпова Анар «Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының докторанты мен магистранты Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

13.12.2022

2022 жылдың 9 желтоқсанында шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «8D02301-Аударма ісі» мамандығының 1 курс докторанты Шарыпова Анар  мен 2 курс магистранты Су Цзяйин «Шет тілдері - мәдениеттер диалогында» атты Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (Ресей, Саранск). 

Ары қарай оқу >>

Ресейлік ғалым екі апталық дәріс курсын өткізді

13.12.2022

2022 жылдың 17 мен 26 қарашасы аралығында  Н.П.Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университетінің (Ресей федерациясы, Саранск қ.) ағылшын филологиясы кафедрасының доценті, шет тілдер факультеті деканының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары Ирина Валерьевна Коровина "Параметры культурных различий и их влияния на межкультурную коммуникацию" атты тақырыпта 2 апталық лециялар курсын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ph.D Оразақынқызы Ф. Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады

12.12.2022

2022 жылдың 10 желтоқсанында шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының доценті, Ph.D Оразақынқызы Фарида Ухань қаласындағы Орталық қытай университетінде өткен «2022 Chinese Culture Communication Forum» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып «Қазақстандағы қытай тілін оқыту әдістері мен дағдылары» тақырыбында баяндама жасады. Конфернцияда Қытай тілі мен мәдениетінің коммуникациялық зерттеулері туралы талқыланды. Қытай, Япония, Корея, Америка, Қазақстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Ганконг қатарлы елдерден 81 маман өте жоғары деңгейде баяндама жасады

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Шығыс Азия конференциясында баяндама жасады

12.12.2022

2022 жылдың 10 желтоқсанында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Серікқалиева Ажар Гонконг университетінің профессоры Линда Тджия Ин-нормен бірге Тайбэй қаласында онлайн форматта өткен альтернативті география бойынша «NEW GEO-POLITICS IN EAST ASIA» атты 10-шы Шығыс Азия конференциясында «Sino-Kazakh Cross-border Freight Transport: Zero-COVID, Multiple Scrutinization and Cascading Marginalization» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияны Тайвань Ұлттық университеті ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>