Жаңалықтар

ҚЫСҚЫ БАҚТА ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖИЫН

24.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының мәжілісі болып өтті. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы қысқы бақ залында өткен жиынды кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанова ашып, жаңа декан Сансызбай Шарапиұлына ұжым мүшелерін таныстырды.

Ары қарай оқу >>

БАСПА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

15.09.2022

15 қыркүйек күні кафедрадамызда «Баспа-редакциялық үрдерісінің технологиясы» пәніне арналған дәріске пән оқытушысы Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы және елімізге белгілі кітап таратушы, кәсіпкер Қалу Тоқтаболатовпен дәріс өтті. Сабақ барысында болашақ баспагер-редакторлар арнайы қонақпен баспа ісі саласының өзекті мәселелері аясында ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

«СЕЛТЕТКІЗЕР» КЕШ ӨТТІ!

09.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің студенттерінен құралған «Селтеткізер» оқырмандар клубы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік және студенттер поэзиясы» кеш өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Тау тұлғалы Туман Амандосовтың туғанына 100 жыл!

26.11.2021

26 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн және офлайн форматты қамтыған конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>

Күш – білімде, білім - кітапта

12.02.2021

2021 жылдың 12 ақпан күні «Steppe & World» баспасының негізін қалаушы Қадыр Раиса Сайранқызымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті. Бұл кездесуді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы ұйымдастырды.  

Ары қарай оқу >>

«Илин» журналының бас редакторының шеберлік сағаты

12.02.2021

2021 жылы 12 ақпанда Якутия, Саха Республикасының астанасы Якутск қаласында басылып шығарылатын «Илин» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Олег Сидоровтың бірегей халықаралық онлайн шеберлік сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

Онлайн өткен шеберлік сағаты

02.02.2021

2021 жылдың 29 қаңтарында Zoom платформасында ф.ғ.д. проф А.Рамазанның бастамасымен болашақ редакторларға, баспагерлерге және дизайнерлерге арналған алғашқы онлайн шебелік сағаты өтті. Белгілі публицист, журналист, республикалық «Юридическая газетаның» бас редакторы Бахтияр Тохтахунов кафедрамызда қонақ болып,  жас мамандарға кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлы - 50 жаста

26.01.2021

Қазақ әдебиетіне жаңаша серпін берген жазушы, ақын, ғалым, журналист, ұстаз, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Нұржан Қуантайұлы 50 жасқа толды. Осыған орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен "Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы, редактор, оқырман" атты халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Жаңа басылым

06.01.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Баспа ісі», «Полиграфия», «Дизайн», «Журналистика» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарға арналған «Әлемдік және ұлттық баспа мәдениеті» оқулығын шығарды.

Ары қарай оқу >>

МАГИСТРАНТТАР ELSEVIER СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ

28.12.2020

3-Халықаралық конференция Elsevier Қазақстандағы ғылым күні 2020 жылдың 2-3 желтоқсанында онлайн форматта өтті. Екі күндік форум жас ғалымдардың, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зерттеушілерінің назарын аударды.

Ары қарай оқу >>