Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Пәндік олимпиада жеңімпаздары: "Қыран тобы" - 3 орын

 

Кафедра студенті Никита Жулинскийдің Кувейтте өткен семсершілер жарысында көрсеткен командалық жұмысының нәтижесі - 3 орын

 

Кафедра студенті Никита Жулинскийдің Ташкентте өткен семсершілер (фехтование) жарысында көрсеткен ойынының нәтижесі - 3 орын

 

 

 

Қарашай Черкеш суретшілер одағының ұсынуымен ХХІ ғасырдағы руханият саласында үздік деп танылған шығармашылық адамдарға берілетін ЮНЕСКОның медалі мен сертификаты және Грецияның Афина қаласындағы СОКРАТ философия мектебінің сертификаты Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы ЖАНАРБЕК БЕРІСТЕНге өнертану саласындағы еңбегі үшін тапсырылды.

 

  

 

 

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушы-профессор құрамы мен студенттері факультеттің және университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қоғамдық мәдени іс шараларына белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары мен студенттерінің үздік ғылыми еңбектері ҚР БҒМ грамоталары мен дипломдарымен бірнеше рет марапатталған.

 

 

 

  

 

 

 

 

 
   

 

 


   

 

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 3 курс студенттері Ақдана Иманқұлова мен Аружан Тыныбек және 4 курс студенті Боткөз 
Абдуалы пәндік олимпиадаға қатысып, ҚР БжҒ Министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.

 

1-курс студенті Жауынбаев Нұрбол Ақтөбе қаласында өткен

"Алғам менің еңселі,

Жырыма қосам мен сені" атты Айтыс өнеріне қатысып, 3 орын алды.

Кураторы: Данаева Н.Т.

 

   
     

 

        1 курс студенті Аягөз Айтмырзаның марапаттары

   
     

 

1 курс студенті Аралбек Жібек Нұржанқызының марапаты

Факультетте әртүрлі форматтағы қайырымдылық іс-шаралары, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, газет-журнал редакторларымен дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналған. Кафедра түлектері осы күндері республикалық БАҚ пен баспаларда қызме атқарады.

 

Студенттер мен магистранттар халықаралық конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алғанын ерекше атап өтуге болады.