Онлайн өткен шеберлік сағаты

02.02.2021

Көрулер: 1910

2021 жылдың 29 қаңтарында Zoom платформасында ф.ғ.д. проф А.Рамазанның бастамасымен болашақ редакторларға, баспагерлерге және дизайнерлерге арналған алғашқы онлайн шебелік сағаты өтті. Белгілі публицист, журналист, республикалық «Юридическая газетаның» бас редакторы Бахтияр Тохтахунов кафедрамызда қонақ болып,  жас мамандарға кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Жоғары деңгейде өткен шеберлік сағатынан кейінгі студенттердің пікірі: «Талантты маман, маған оның жаңадан келген редакторлар мен журналистерге деген қарым-қатнасы ұнады. Қазір мұндай өте сирек кездеседі, барлық жерде дереу қатаң талаптар қойылады).  Ал, «ЮГ» жас маманды қолдауға, білмегенін үйретуге, дұрыс жолға бағыттауға дайын» (Марина Буравова). «Мақсаты айқын, перспективасы жоғары, талапшыл. Маған оның кәсіби іскерлігі,  субординация сақтауы ұнады. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Осындай шеберлік сағатын ұйымдастырғаныңызға рақмет» (Ғалия Төремұратова).

«Қонақ ашықтығымен және ізгі ниетімен жақсы әсер қалдырды. Редакция ішіндегі жұмыс процесі жайлы тұщымды ақпарат алдым. Барлық сұрақтар қамтылып, толық жауап алдық. Уақыт тығыздығына қарамастан, бізбен кездескеніңіз үшін алғыс айтамын» (Даяна Дарбаева). Іс-шара әріптестеріміздің де көңілінен шықты.

Басылымның өзі туралы аздап дерек беріп өткеніміз дұрыс болар. Қазақстанда «Юридическая газетаның» негізін  қалаған республикамыздың Әділет министрі Нағашбай Шайкенов. Газеттің алғашқы нөмірі 1994 жылы 3 қарашада шықты. 2019 жылдың шілдесінен бастап газеттің бас редакторы болып Бақтияр Тохтахунов тағайындалды. Жаға басшының командасының үлкен еңбегінің арқасында басылымның дизайны мен мазмұны өзгерді, газет алыс аймақтарға жеткізіле бастады. Бүгінде «ЮГ» веб-сайты да өте үлкен танымалдыққа ие.

Осындай онлайн кездесулер арқылы студенттер БАҚ мамандарымен жүзбе-жүз танысып, тең дәрежеде диалог жүргізуді үйренеді. “Бір бөтелкеге сыйған екі хош иіс” секілді теория мен практиканы қатар жүргізу арқылы біз студенттердің редакцияның қауырт жұмысымен, тыныс-тіршілігімен жете танысуына мүмкіндік береміз. Келесі кездескенше...