Ғылыми жобалар мен зерттеулер


Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасы «журналистика» мамандығымен қоса «баспа ісі» мамандарын даярлауға бейімделіп келе жатқандықтан тың бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу міндетін де атқаруына тура келуде. Бұл ретте бакалавриатты тәмамдаушы студенттердің бітіру жұмыстары тың тақырыпта жазылуларымен құнды. Үстіміздегі жылы кафедра ұшырған түлектің дені диплом жұмыстарын «өте жақсы» бағыта қорғады. Кафедраның ғылыми жұмысы ойдағыдай жалғасын тауып, жағымды жаңалықтары мен аталып өтуге тиіс нәтижелерге қол жеткізілгенімен қорытындыланып отыр. Жыл сайын «ҚазҰУ хабаршысы журналистика сериясының» сандарын шығаруға кафедра ұжымы ұйытқы болуда. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының жариялаған ғылыми еңбектері де соның нақты дәлелі.

"Түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті: келелі мәселелері мен келешегі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Қызылорда қаласында өткен халықаралық конференцияда түркі халықтары мәдениетінің баспа саласындағы насихаты жөнінде де келелі ғылыми ойлар ортаға салынды. Конференцияға қатысушылар: профессор Халық-зада Фаттах(Әзірбайжан), профессор К.Сүндетқызы(Қазақстан), ыршы-ғалым Жадыра(Қырғызстан), профессор Т.Қоңыратбаев және кафедра меңгерушісі С.М.Медеубек(Қазақстан).


"Жаһандану заманындағы баспа ісі және дизайн мамандарын даярлаудың әлемдік тәжірибелері" атты халықаралық ғылыми семинар

Шетелдік ғалымдар Б.Алиханов(Өзбекстан), Ивонна Масака(Польша), Э.Құрбанов (Өзбекстан), Б.Бруссиг (Германия) және факультет деканы, профессор Е.О.Алауханов. Доцент Д.Баялиеваның сұрағына профессор Б.Бруссиг жауап беруде.


"Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл: тарих және тағылым" атты ғылыми пікірсайыс

Ғылыми пікірсайысқа белсене қатысқан студенттер ортасында профессор Қ.Тұрсын мен доцент М.Абдыраев.

Ғылыми пікірсайысқа арнайы шақырылған профессор Мәмбет Қойгелдиев, ғалымдар Шәмек Төлебаев, Ерлан Тұрғанбаев, режиссер Қалиолла Омаровтар Алаш ардақтылары туралы тың мәліметтер мен айтылмай жүген ақиқаттарды ортаға салды. Сондай-ақ, Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов т.б. баспагерлік-редакторлық қызметтері жөнінде қызықты айғақтарды келтіріп, олардың осы салада тындырған істерінің әлі зерттелмей келе жатқандығын айтты.


"Баспа мамандарын даярлау және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері" атты алқасөз


Факультет деканы, профессор Е.О.Алауханов, профессор Қ.Жүсіпов, баспагер-жазушы Ж.Дәуренбеков және кафедра меңгерушісі, доцент С.М.Медеубек. Полиграфия колледжінің директоры Б.А.Ахметов, профессор А-Х.Ф. Мархабаев, "Ол-жас" баспасының директоры Қ.Қайымов, "Атамұра" корпорациясының редакторлары Қайранбаев, С.Қалиев.

Баспа ісі және дизайн кафедрасының ұстаз-ғалымдары жыл сайын екінші семестрдің басында баспа басшылары және кәсіби мамандарымен бірге баспагер-редакторларды, БАҚ безеншілерін даярлау және оларды жұмысқа орналастыру мәселелерері жөнінде, сондай-ақ бұл салалар бойынша ғылыми жобаларды талқылап отырады.