Ғылыми бағыттар

«Білім беру жүйсінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шығдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» («Білім туралы» ҚР Заңы). Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының оқытушылар ұжымы мен студенттер қауымының оқу және ғылым-зерттеу саласындағы басты бағдар осы болып отыр.

Мақсат мағынасына айналуы тиіс аталмыш міндеттер мәжесінен шығу үшін оқытушы-профессорлар ұжымы бәрінен бұрын дәріс беретін сабақтарының мәтіндік негіздерін жаңа талаптарға сай қайта қарастыруда. Жаңа технологиялық үдерістерді назардан тыс қалдырмайды.

Солармен қатар басқа да мүмкіндіктерді пайдалануда. Атап айтқанда, семинарлар, дәрісханадан тыс үйірмелер, клубтар, тиісті мамандармен кездесулер өткізу, студенттердің ғылыми конференцияларында баяндамалар жасау секілді шараларды жүзеге асыруда.