Жаңа басылым

06.01.2021

Көрулер: 1671

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Баспа ісі», «Полиграфия», «Дизайн», «Журналистика» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарға арналған «Әлемдік және ұлттық баспа мәдениеті» оқулығын шығарды. Оның авторлары ғалымдар Г.Қ.Муканова, Л.И.Мухамадиева және С.М. Солтанаев, жауапты редакторы – С.Медеубек.

Дала кітабының пайда болуы, континенттер жағдайында кітап ісінің қалыптасуы туралы ақпараттық материалдар оқулықты толықтырды. Жаңа оқулықта жазудың және басып шығарудың пайда болуының тарихи аспектілері, таралу кезеңдері және ұлттық баспа саласының кітап шығарудың әлемдік тәжірибесінің ерекшеліктеріне шолу жасалған.

Басылым жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттарына, болашақ баспагерлер мен редакторларға, журналистер, тарихшылар мен дизайнерлерге және кітап мәдениетіне қызығушылық танытушылардың барлығына пайдалы болмақ.

Баспа ісі және дизайн кафедрасы