Жалпы мәліметтер

Кафедра мынадай бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

- Қазақстандағы баспа ісінің теориясы мен тәжірибесінің мәселелері;

- Республикалық кітап шығару ісінің экономикалық негіздері;

- Публицистика мен баспа ісі теориясының өзара іс-әрекетінің мәселелері.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы баспа ісін жетік білетін мамандардан тұрады. Кафедрада филология ғылымдарының докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, педагог-оқытушылар сабақ береді.

Бұлармен қатар студенттерді оқытуға баспа басшылары, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, тәжірибелі журналист-практиктер, Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері, әртүрлі өндірістік мекемелердің қызметкерлері және шет елдердегі белгілі университеттерден лекторлар шақырылады. Олар лекция оқиды, лабораториялық және семинар дәрістерін өткізеді. Студенттердің ғылыми және тәжірибелік жұмыстарына жетекшілік етеді