Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері қазақ ертегісіне құралған ертегі кітаптарын жарыққа шығарды

23.12.2019

ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері қазақ ертегісіне құралған ертегі кітаптарын жарыққа шығарды. Бұл студенттерге көктемгі семестрге берілген тапсырма болған. Нәтижесінде студенттер балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі-түсті ертегі кітаптарын өздерінің бейнелеу өнеріндегі шеберліктерімен салып шыққан. Ұстаздары да жоғары бағалап, емтихан барысында үлгілі санатқа ие болды.


Ары қарай оқу >>

Кафедра филиалы

15.12.2019

2019 жылдың желтоқсан айының 11 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер"кафедрасының "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан филиалын ашу рәсімі өтті. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы бастаған оқытушылар қауымы "Қазақ энциклопедиясы" баспасына барып, екіжақты келісімшартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

«ҚАЗАҚ БАСПА ІСІ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ»

05.11.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұлттық рух ұясы» атты рухани апталықтың аясында 2019 жылдың қазан айының 31 жұлдызында Т.Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында «Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні» атты алқасөз отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

Фотокөрме

28.10.2019

Журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Ұлттық рух ұясы" апталығы аясында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 2-курс магистранты Қанат Сырлыбаевтың "Ақ пен Қара" атты жеке көрмесі ашылды.

Ары қарай оқу >>

"Ұлттық рух ұясы" апталығы

25.10.2019

Журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28 қазан мен 1 қараша аралығында «Ұлттық рух ұясы» атты апталық өтеді.

Аталмыш шараларға қатысамын деушілерге есік ашық!

Ары қарай оқу >>

Әлемді өзгерткен таңғажайып кітаптар

25.10.2019

2019 жылдың 25 қазан айында «100 кітап» жобасы аясында Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Әлемді өзгерткен таңғажайып кітаптар» атты тақырыпта тәрбиелік іс- шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қос жақты келісім

12.10.2019

Бүгін, 12.10.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Түркияның Мармара университеті әріптестік жөніндегі меморандумға отырды және қосдипломдық бағдарлама аясында дизайн мамандығы бойынша білім беру жөнінде келісімге келді.

Ары қарай оқу >>

Баспагер, журналист, аудармашы Шынар Әбілданың шеберлік сағаты өтті

07.10.2019

Қазанның жетісі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 203-аудиториясында белгілі баспагер, журналист, аудармашы Шынар Әбілданың шеберлік сағаты өтті. Оған «баспагер» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>