«Илин» журналының бас редакторының шеберлік сағаты

12.02.2021

Көрулер: 1997

2021 жылы 12 ақпанда Якутия, Саха Республикасының астанасы Якутск қаласында басылып шығарылатын «Илин» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Олег Сидоровтың бірегей халықаралық онлайн шеберлік сағаты өтті.

Публицист, көптеген мақалалардың, әңгімелердің, «ЖЗЛ» кітап серияларының авторы, М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі журналдың стратегиясымен, редактордың миссиясымен, өзінің авторлармен жұмыс жасаудағы мол тәжірибесімен бөлісті.

Олег Сидоров мастер-класс барысында «Илин» журналының шығу тарихы мен бас редактордың меңгеруге тиіс негізгі қасиеттері туралы айтты. «Журнал 1991 жылы қайта құру кезеңінен бастап, халқымыздың мәдениеті мен тәуелсіздігі қайта өркендеу дәуірінде шығарыла бастады. «Илин» сол уақыттың бір жаңғырығы болды. Басылымда біз жаһандық ойларға бағытталған жедел тақырыптарды айналып өтеміз», - деп бөлісті ол.

Қызығушылық танытқан аудиториядан, ҚазҰУ студенттері мен магистранттарынан көптеген сұрақтар қойылды. Бірлескен ҒЗЖ жобалары талқыланды. Олег Гаврильевич өткен ғасырдың 90-жылдары Алматыға келіп, Невада-Семей қозғалысының жетекшілерімен танысқан, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ресми қабылдауында болған. Академиялық және шығармашылық байланыстардың арқасында СШФУ мен ҚазҰУ студенттері ҚазҰУ-дың жазғы мектептері мен конференцияларына қатысып, берік байланыс орнатқан.

Идея авторы және модератор Муканова Г.К., редактор орынбасары Мухамадиева Л.И., афиша дизайнының авторы – Батырханова Ж.А. PR-жетекші – Тлепберген А., Батырханова Ж., Сләмғажы А.

Айжан Хасанова