Іс-шаралар

Журналист, баспагер, аудармашы Шынар Әбілданың шеберлік сыныбы

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен, 07.10.2019 күні сағат 10:00-де журналист, баспагер, аудармашы Шынар Әбілданың «Электрондық басылымдардағы аударма мәселесі» атты шеберлік сыныбы өтеді.

Егер сізді осы тақырып қызықтырса, шеберлік сыныбында күтеміз.

 Өтетін орны: 203 ауд. журналистика факультеті

 Ұйымдастырушы: «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының доценті Нұржан Қуантаев

 

  1. Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы және Қазақстан баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен Халықаралық «әл-Фараби оқулары» мен Халықаралық «Ұлы Жібек Жолы» көрмесінің аясында, «Қазақстан әлемдік баспа үдерісінде: Ұлы Жібек Жолы дәстүрлері және тарихи сабақтастық» тақырыбына халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Баспа ісінің өзекті мәселелері талқыланды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына алыс және жақын шет елдер ғылыми қауымдастығы, өкілдері, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен магистранттары, докторанттары қатысты. Баяндамалар мен хабарламалар төмендегі секцияларда талқыланды:

1 – секция: «Өркениет сабақтастығы: Жібек жолы және қазіргі заман»;

2 – секция: «Қазақстан баспа бизнесі мен полиграфиясының даму бағыттары мен новациялары»;

3 - секция: «Кітап шығару мен таратудың негізгі мәселелері»;

4 – секция: «Жастарды кітапқа баулудағы алғышарттар».

Конференцияның нәтижесі бойынша материалдар жинағы басылып шықты.

 

  1. VI Республикалық «Болашақ баспагер, редактор, дизайнер» конкурсы ұйымдастырылды. Биылғы байқауға оқытушылар мен магистранттар байқаудың материалдары (қазақша/орысша) мен ережелерін даярлауға белсене қатысып, ұсынылған жұмыстарды тексеріп және оны бағалауға көмектесті.

«Баспа ісі және дизайн» мамандығына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының саны жылдан жылға өсіп келеді. Оны республикамыздың түкпір-түкпірінен байқауға ниет білдірген 138 баланың өтінішінен байқауға болады. Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарынан қатысқан балалардың ықыластары ерекше болды. Комиссия мүшелерінің тыңғылықты еңбегінің арқасында байқау ашық,әрі әділ өтіп, жеңімпаздар анықталды. Факультетіміздің деканы Сағатбек Медеубекұлы байқаудың сәтті өтуіне атсалысқан демеушілер мен облыстық білім басқармаларына, сондай-ақ әр ауданның білім бөлімі басшыларына алғыс айта отырып, шәкірттерді әкелген мектеп ұстаздарын жеке-жеке сахна төріне шақырып АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады. Ең үздік шығармаларымен танылған Сұлтан Бибіжанға БАС жүлдесі үшін "Атамұра" баспасының 150 000 теңгелік шәкіртақысы бұйырды: І- орын Нұрадинова Тұрғанайға "Арыс" баспасының шәкіртақысы 150 000 теңге, ІІ-орын екеу, біреуі - Парзиева Мөлдірге "Көркем" баспасының 70000 теңге көлеміндегі шәкіртақысы мен Васюренко Кириллге айтыскер ақын С.Қалиев тағайындаған 15 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық бұйырды! ІІІ-орынды 3 оқушы қанжығалады, олар - Жеңіс Қыран, Рысқұл Сымбат, Құрманғали Шымболат! Одан басқа "Ең үздік редактор" номинациясы бойынша 1 орын - Акрамова Нәркес, 2 орын - Болыс Дидар, Бейсенбек Гүлман, 3 орын - Бекқалиев Еркебұлан, Жұматай Жұпар, Шустер Александр, "Ең үздік корректор" номинациясы бойынша 1 орын - Өміржан Айғаным, 2 орын- Зейтова Ақдана, Хурусова Айсалят, 3 орын - Марат Аида, Сейтбатқал Арлен, Баймолда Райхан, "Ең үздік дизайнер" номинациясы бойынша 1 орын - Адильбаев Ардақ, 2 орын- Әшірбек сымбат, Әпсімен Нұрдәулет, 3 орын- Жұмаханова Дана, Халық Айғаным, Сарсенбаева Перизат секілді әр облыстан келген оқушылар жеңімпаз атанып, арнайы сыйлықтармен МАРАПАТТАЛДЫ! Жүздері бал-бұл жанған бұл жеңімпаздардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес! Болашақта "Баспа ісі" мамандығын таңдап, сүйікті қарашаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінен тәлім алуға бел байлаған оқушылар байқау үшін алғыстарын айтып, қуанышпен тарасты.

 

  1. PR-коммуникация ретінде; Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың баспасөз қызметтері: қазақстандық және шетелдік тәжірибе; Ербол Шаймерденұлы: Қазақстан мемлекеттік PR-ының бастауында. Конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің ұстазы, қаламгердің жұбайы Күләш Шаймерденова, Сарбас Ақтаев, «Халық кеңесі» газетінің бұрынғы бас рдакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы Президенті, бас редакторы Ержұман Смайыл, Жұмабек Кенжалин, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, Редакторлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Балбаев, «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Түркістан» газетінің Бас редакторы Шәмшиддин Паттеев, филология ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Тұрсын қатысты. Сондай-ақ баспасөз қызметінің және имиджмейкерліктің теориясы мен тәжірибесін дамыту саласындағы студенттердің PR-жобалары мен жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының «Қауырсын қалам» атты Ербол Шәймерденұлы атындағы дәстүрлі Байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Байқауға «Қоғаммен байланыс», «Журналистика», «Әлеуметтану», «Экология», «Мемлекеттік және муниципалды басқару», «Саясаттану», «Экономика», «Маркетинг», «Менеджмент», «Халықаралық қатынастар», «Педагогика», «Баспа ісі» мамандықтары бойынша білім алушы қазақстандық және шетел ЖОО студенттері, колледж қатысушылары мен орта мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.

 

  1.  Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі жазушы,

көсемсөз шебері, аудармашы, ұлағатты ұстаз ІІ Серік Әбдірайымұлын

есте қалдыруға арналған «Тұғырлы тұлға тағылымдары» тақырыбындағы республикалық шығармашыл жастар форумының БАҒДАРЛАМАСЫ жасақталды.  

Осыған байланысты Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасында ең үздік:

  1. Публицистік шығармашылыққа;
  2. Ғылыми зерттеу жобаларына;
  3. Безендіру жұмыстарына байқау жарияланды.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, шығармашылық ойларын жүзеге асыруға ықпал ету. 

Байқаудың міндеттері – Серік Әбдірайымұлы оқуларын өткізу арқылы, журналист, замансөзгер, баспагер, жазушы, аудармашы және қоғам қайраткерінің өмірін, оның шығармашылығын кейінгі ұрпаққа өнеге ету.  

II Серік Әбдірайымұлы оқулары аясында дәстүрлі түрде өтетін «Тұғырлы тұлға тағылымдары» атты ғылыми форумның тақырыптық бағыттары:

  • · Серік Әбдірайымұлы – журналист-публицист;
  • · Серік Әбдірайымұлы – баспагер, редактор;
  • · Серік Әбдірайымұлы – қоғам қайраткері;
  • · Серік Әбдірайымұлы – ұстаз-тәлімгер;
  • · Серік Әбдірайымұлы – жазушы, аудармашы.

Байқау жеңімпаздары публицист-жазушы, журналист, баспагер, мемлекет және қоғам қайраткері С.Әбдірайымұлының отбасы тағайындаған атаулы шәкіртақымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

  1.  Балабекұлы Досжан, «Ғарыштағы қымыз-қазақ қиялының бір бастауы». 4-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші аға оқытушы Мергенбаева Қ.
  2.  Бексұлтанқызы Нұрбике, «Оқырман сұранысын арттыру мәселелері», 2-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші Тілепберген А.
  3.  Жуматаева Перизат, «Қазақ кітабының таралу мәселелері». 2­-курс. Журналистика факультеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші – оқытушы Тілепберген А.
  4.  Саяқбаева Гүлжайна, «Полиграфиялық заманауи технологиялар 3d-принтерлерінің технологиялық ерекшеліктері». 2-курс. Журналистика факультеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші – аға оқытушы Омарова Б.
  5.  Сейдраманова Дана, «Баспасөз бетінде балалар әдебиеті мәселесінің көтерілуі». 2-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші Тілепберген А.

Осы ғылыми жұмыстарды тыңдай отырып, секцияның комиссия мүшелері төмендегі студенттердің ғылыми жұмыстары төмендегі студенттерді

І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапаттауға лайықты деп шешті. Олар:

1– орын. Балабекұлы Досжан, «Ғарыштағы қымыз-қазақ қиялының бір бастауы». 4-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші аға оқытушы Мергенбаева Қ.

2 – орын. Саяқбаева Гүлжайна, «Полиграфиялық заманауи технологиялар 3d-принтерлерінің технологиялық ерекшеліктері». 2-курс. Журналистика факультеті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші – аға оқытушы Омарова Б

2 – орын. Сейдраманова Дана, «Баспасөз бетінде балалар әдебиеті мәселесінің көтерілуі». 2-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші Тілепберген А.

 

3 - орын. Бексұлтанқызы Нұрбике, «Оқырман сұранысын арттыру мәселелері», 2-курс. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылыми жетекші Тілепберген А.

 

Cондай-ақ, Балабекұлы Досжанның, «Ғарыштағы қымыз-қазақ қиялының бір бастауы» ғылыми жұмысы үздік деп танылып Ректор марапатына орай ұсынылды.

Орыс бөлімі бойынша:

I орын – Русакова Виктория «Формы представления литературных произведений в сети Интернет». 1-курс. Ғылыми жетекшісі: – аға оқытушы Мухамадиева Л.И

 

II орын – Мамаева Айдана «Киносценарий как объект редакторского анализа». 1-курс. Ғылыми жетекшісі: – доцент Мукатаева К.М

II орын – Лин Гохай «Маркетинговые кампании: издательский аспект». 4-курс. Ғылыми жетекшісі: – ст. преподаватель Асембаева Б.О

 

III орын – Исмагамбетова Камилла, «Судьба глянцевого журнала в Казахстане». 1-курс. Ғылыми жетекшісі: ст. преподаватель Мухамадиева Л.И

III орын – Исмаилова Диана «Плюсы и минусы электронной книги». 1-курс. Ғылыми жетекшісі: – ст. преподаватель Мухамадиева Л.И

III орын – Чапай Назерке, «Тексты в жанре фэнтези: история и современное состояние» 1-курс. Ғылыми жетекшісі: – ст. преподаватель Мухамадиева Л.И

Ынталандыру сыйлықтары:

  1. Карханова Екатерина
  2. Штейн Анна
  3. Абдуманнапова Динара
  4. Ильясов Рашит

Барлық баяндамашылар конференцияда ғылыми жұмыстарын жақсы қорғап шығып, дипломдар мен мақтау қағаздары, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.