Құттықтаймыз

22.09.2022

Көрулер: 511

2022 жылдың 22 қыркүйек айында Әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D060700 - Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жумагул Молдир Жакыпжановнаның «Жойылып бара жатқан Rhodiola rosea L. популяциясының экоморфологиялық және молекулалық-генетикалық сипаттамасы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекші Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна және шетелдік ғылыми жетекші Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Мария Хен (Будапешт, Венгрия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан жақтап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы Жумагул М.Ж. мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz