2020 онлайн форматындағы Түлектер күні

31.05.2020

Көрулер: 3623

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы 2020 жылдың 30 мамырында сағат 10.00-де Түлектердің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін жаңа онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізді.

Аталмыш кездесуге «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» және «Аймақтану» мамандықтарының мерейтойлық түлектері (20, 15, 10, 5 жыл бұрынғы және т.б. түлектер) шақырылды. Кездесуді халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Е.Чукубаев жүргізді.

Сонымен қатар кездесуге халықаралық қатынастар факультенің 96 оқытушылары мен түлектері белсенді түрде қатысты.

Түлектерге бейне жолдаумен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ректоры Г.М. Мутанов, Қоғам қайреткері, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлектер Ассоциациясының Төрағасы Қ. Мами, ГФР-дегі ҚР Бас Консулы Қонуспаев Е. сөз сөйледі. Оқытушылар мен түлектер университеттің жетістіктері жөніндегі бейне жазбаны үлкен қызушылықпен қарады.

Кездесуге қатысқан Қазақстандағы БҰҰ баспасөз хатшысы Байназарова Эльнара, ҚР Сыртқы істер Министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті басқармасының жетекшісі Айтмаханов Нұржан, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Сарабеков Ж., Қазақстанның Омандағы Елшілігінің үшінші хатшысы Молдагалиева А. өздерінің жылы тілектерін білдірді.

 

Өткізілген уақыт: 30 мамыр 2020 ж.

Өткізілген орны: Zoom платформа

Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарлассаңыздар болады - тел.: +7 701 377 0800

 

 

Іс-шараның бейнежазбасын төменде көре аласыз:

 

 

Сондай-ақ, Сіздердің назарларыңызға біздің түлектеріміздің бейнефильмдерін ұсынамыз: