Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара.

23.04.2020

Көрулер: 1851

 

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында, профессор Байзақова К.И. жетекшілігімен 22 сәуір, 2020 ж. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ZOOM сервистік платформасы арқылы онлайн форматында өтті.

     Іс-шараға сонымен қатар «Халықаралық қатынастар» мамандығының бірінші курс магистранттары К.Насыров, А.Оразбай, Н.Сабуров және «Аймақтану» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы ақпаратты жас ұрпаққа жеткізу және осы мәліметтер негізінде патриотизм сезімін қалыптастыруға ықпал ету болды. Магистранттар ақпараттық презентациялар дайындады. Шара барысында Ұлы Отан соғысы туралы түрлі фактілер қызу талқыланды.