Бизнестегі тұрақты даму

20.11.2023

Көрулер: 345

Бизнес жаңа экологиялық технологияларды дамытуға, еңбек стандарттарын арттыруға, жұмыс орындарын құруға және т.б. байланысты үрдістерді айқындау мүмкіндіктеріне ие бола отырып, елдің тұрақты даму саласын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстан және Орталық Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар тұрақты даму саласында қандай тәжірибелерді іске асыруда? Компаниялардың негізгі мақсаты мен тұрақты даму стратегиясы арасында қандай қарама-қайшылықтар бар? Бұл сұрақтардың барлығы 2023 жылы 20 қарашада сағат 15.00-де (216 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде өтетін CCI Kazakhstan компаниясының Корпоративтік қатынастар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаеваның қонақ дәрісі барысында талқыланады. Дәрісті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы ұйымдастырады (аға оқытушы Утегенова А.Р. және аға оқытушы Нуралиева С.А.). Осы іс-шара бизнестің, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың рөлін талқылауға бағытталған іс-шаралардың жоспарланған кезеңінде бірінші шара болып табылады.