Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасының доценті Самалдыков Мақсұт Кошекұлының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті!

16.01.2024

Көрулер: 231

Мерейтой қаһарманының құрметіне арналған мереке 2024 жылдың 16 қаңтарында Халықаралық құқық кафедрасының кеңейтілген отырысы аясында өтті. Шараға халықаралық қатынастар факультетінің деканы, оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Мерейтойлық мереке халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровнаның мерейтой иесін құттықтаудан және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Ж.Қ. атынан Самалдыков Мақсұт Кошекұлына «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ Алғыс хатты табыс етуден басталды.

Дәстүр бойынша халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы жылы лебіздерін айтылып, туған күн иесінің халықаралық құқық кафедрасының қызметіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байкүшикова Гүлнар Серікбайқызы мен дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдікенова Алмаш Смайылқызы құттықтау сөз сөйлеп, Мақсұт Кошекұлының этика комиссиясының мүшесі ретіндегі ерекше кәсібилігін ерекше атап өтті. Өз кезегінде әріптестер Мақсұт Кошекұлының кафедра қызметіндегі атқарған рөлі туралы жақсы пікірлерімен бөлісті. Мәселен, профессор Шакиров Каримжан Нурумович факультеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының және халықаралық құқық кафедрасының әдістемелік комиссиясының төрағасы қызметін атқарған кездегі мерейтой иесінің бейтараптығы мен қайсар мінезін ерекше атап өтті.

Самалдыков Мақсұт Кошекұлының елеулі еңбегін профессор Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы да атап өтті. Ол «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары», «Қылмыстық сот төрелігінің халықаралық стандарттары» және т.б. сияқты бірқатар оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялардың болуымен мерейтой иесінің жемісті ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Доцент Самалдықов М.К. еңбегінің маңыздылығын студенттердің сөйлеген сөздерінен байқауға болады. Олар Мақсұт Кошекұлының жоғары кәсіби шеберлігін, адалдығы мен әділдігін ғана емес, сабақ барысында ерекше әдіс-тәсілдері мен студенттерге деген қамқорлығын да атап өткен болатын.

Өз кезегінде, қатысқан халықаралық құқық кафедрасының барлық әріптестері мерейтой иесіне зор денсаулық, бақыт және жоғары білікті халықаралық заңгерлерді мамандарды даярлаудағы кәсіби қызметіне табыс тіледі.