Жаңалықтар

Студенттермен онлайн кездесу

30.04.2020

2020 жылдың 30 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және оқытушылық-профессорлық құрам кафедра студенттері, магистранттарымен зум платформасында онлайн режимде кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттерімен онлайн кездесу

29.04.2020

2020 жылғы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мадалиева Забира Бекешқызы «Психология» мамандығының студенттері және магистранттарымен онлайн кездесу жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Студенттермен жазғы сессия туралы онлайн-кездесу

29.04.2020

Қашықтықтан оқыту жүйесі бағындыруға болатын өз күрделіліктерімен қатар жетістіктерін де беріп отырғаны анық. Бүгін 29.04.2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі профессор Н.С.Әлқожаева және кафедра оқытушылары "Педагогика және психология", "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандықтарының студенттерімен, магистранттарымен онлайн-кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Дін және әлеуметтік желі

29.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында, «Дінтану» мамандығының 1 курс магистаранттары және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1- курс магистранты Жетпісбай Назерке «зум» программасы арқылы «Дін және әлеуметтік желі» тақырынбында Республикалық деңгейде кездесу өткізді.

 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттары ғылыми тағылымдамасын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтті

27.04.2020

Ағымдағы жылдың 27 сәуір мен 12 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениеттану» және «Дінтану» мамандықтары магистранттары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ислам өркениеті және мәдениетаралық диалог» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері»

24.04.2020

2020 жылдың 24 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы Өзбекстанның Ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы аясында «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ұлт болашағы жастардың қолында

21.04.2020

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенттерінің қатысуымен “ Будущее нации - в руках молодежи” тақырыбында бірлескен тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Абай шығармашылығындағы мәдени және ислами құндылықтар» атты ұлттық вебинар

17.04.2020

2020 жылдың 17 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «100 кітап» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ұлттық вебинар өтті. Өзге университеттер студенттерімен «Абай шығармашылығындағы мәдени және ислами құндылықтар» тақырыбында Ұлы ақынның шығармашылығы, оның ішінде әсіресе қазақ әдебиетінде өшпес орын қалдырған, өнеге мен өсиетке толы философиялық туынды – «Қара сөздері» талқыланды. 

Ары қарай оқу >>