Профессор Д.Л. Байдельдиновқа Қазақстан Республикасы Ұлттық заң академиясының академигі атағы берілді

31.01.2023

Көрулер: 585

 

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған демократиялық реформалар шеңберінде ғылыми әлеуетті дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және жаңа ғылыми технологияларды қоғам өміріне енгізу сияқты мақсаттарды алға қойған ғылыми ұйымдар белсенді дамып келеді.



 

       2022 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылып, белсенді жұмыс істеуде.

 

2020 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Заң Академиясы құрылды. Бұл Академия елдің саяси және құқықтық өміріне қатысу үшін кәсіби заңгерлердің, ғалымдардың, практиктердің басын біріктіреді.

 

Академияның мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік-құқықтық және мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін аса маңызды және болашағы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады. Академия құрамында 33 академик және 2 корреспондент мүше бар.

 

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Заң Академиясының президенті - заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қуандықов Бақытжан Жүрсінұлы.



 

    Заң ғылымы мен заң білімін дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Байдельдинов Дәулет Лайықұлына Қазақстан Республикасы Ұлттық Заң Академиясының академигі атағы берілді.

 

Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Байдельдинов Дәулет Лайықұлын академик атағымен құттықтаймыз.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің ұжымы