Үлгілік келісім-шарт

Қазақстан Республикасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Төрағасының

2020 жылғы «  »               №

бұйрығына 2-қосымша

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге

үйлестіруші мен сарапшы арасында жасалатын

үлгілік келісім-шарттың нысаны

 

 

№____

Алматы қ.                                                               20__ жылғы «___» ________

 

 

Бұдан әрi Үйлестіруші деп аталатын ________________(атауы) атынан (құжат нөмері) негiзiнде әрекет ететiн ______________________ бiр тараптан және бұдан әрi Сарапшы деп аталатын _________________(аты-жөні), ________________ берілген №___________ жеке куәлігі, екiншi тараптан, бұдан әрi Тараптар деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.

 

  1. ШАРТТЫҢ МӘНI

 

1.1. Сарапшы қайтарымды негізде Үйлестірушінің тапсырмасы бойынша Шарттың №1-қосымшасына (техникалық тапсырма) сәйкес қорытынды бере отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша қызметтерді орындауға міндеттенеді, ал Үйлестіруші жұмыс нәтижесін уақтылы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

1.2. Жұмыстың орындалу мерзімі 2020 жылғы «___» ________ бастап «31» желтоқсанға дейін.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

 

  1. Сарапшы:

2.1.1. нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жоғары кәсіби деңгейде жүргізуге, көрсетілетін Қызметтердің дұрыстығын, объективтілігін, біліктілігін қамтамасыз етуге;

2.1.2. осы Шартта көзделген Қызметтерді Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстардың талаптарына, Үйлестірушінің ұсынымдарына сәйкес осы Шарттың мерзімі мен талаптарына сәйкес көрсетуге;

2.1.3. Үйлестіруші белгілеген мерзімде ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмысқа қабылдау туралы не өзінің бас тарту себептерін көрсете отырып, өздігінен бас тарту туралы оған хабарлама жіберуге;

2.1.4. өз міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған Үйлестірушінің құжаттары мен мәліметтерінің сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз етуге;

2.1.5. Үйлестірушіні оның талап етуі бойынша Қызметтерді көрсету барысы туралы хабардар етуге;

2.1.6. осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін оған Үйлестіруші берген мүлік пен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2.1.7. осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үйлестірушіге өзінің міндеттемелерін толық көлемде тиісінше орындамау нәтижесінде туындаған барлық шығындарды өтеуге;

2.1.8. Үйлестірушіге көрсетілген Қызметтердің қол қойылған актісін, сондай-ақ Қызмет көрсетумен байланысты барлық құжаттаманы ұсынуға;

2.1.9. Үйлестірушінің талап етуі бойынша көрсетілген Қызметтер туралы есепті ұсынуға;

2.1.10. нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы берілгеннен кейін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеушінің сарапшылардың ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, оны қабылдағанға дейін барлық кезеңдерде сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

2.1.11. сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қолма-қол немесе Үйлестірушінің ақпараттық жүйесі арқылы беруді жүзеге асыруға МІНДЕТТІ.

 

2.2. Сарапшының:

2.2.1. Үйлестірушіден осы Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілген Қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

2.2.2. Үйлестірушіден туындаған мәселелер бойынша түсініктемелер және Қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;

2.2.3. Үйлестірушінің келісімі бойынша Қызметті сапалы және толық көлемде орындаған жағдайда мерзімінен бұрын көрсетуге ҚҰҚЫҒЫ БАР.

 

2.3. Үйлестіруші:

2.3.1. көрсетілген Қызметтерді (орындалған Жұмыстарды) осы Шартта көзделген көлемде қабылдауға;

2.3.2. Сарапшы көрсеткен Қызметтерді осы Шартта көзделген мөлшерде және тәртіппен ақы төлеуге;

2.3.3. Қызмет көрсету үшін жабдықталған орын ұсынуға;

2.3.4. Сарапшыға нормативтік құқықтық актінің жобасын және оған қоса берілетін материалдарды ұсынуға МІНДЕТТІ.

 

2.4. Үйлестірушінің:

2.4.1. Сарапшы көрсететін Қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеруге;

2.4.2. көрсетілген Қызметтерде кемшіліктер анықталған жағдайда көрсетілген Қызметтерді қабылдамауға және кемшіліктер анықталған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде көрсетілген Қызметтерде анықталған кемшіліктерді жою туралы Сарапшыға хабарлама жіберуге;

2.4.3. Сарапшы ескертулермен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу үшін басқа Сарапшыға жіберуге;

2.4.4. осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін ұсынымдар беруге;

2.4.5. Сарапшы Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсеткен жағдайда оларды қабылдауға;

2.4.6. Қызмет көрсету процесін бақылау;

2.4.6 Сарапшы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу ережесінің 11-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға.

2.5. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында көрсетілген Қызметтер бойынша жасалған барлық материалдар даналарына меншік құқығы, сондай-ақ оны пайдалану нәтижелері Үйлестірушіге тиесілі болады деп уағдаласты ҚҰҚЫҒЫ БАР.

 

  1.  ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ

 

3.1. Қызметтердің құны нақты көрсетілген Қызметтер көлеміне және нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың күрделілігіне қарай төленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен алымдарды қамтиды.

3.2. Үйлестіруші Қызметтер төлемін тараптар көрсетілген қызметтер Актісіне қол қойған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

3.3. Көрсетілген қызметтер қорытындылары бойынша Тараптар 10 (он) банктік күн ішінде көрсетілген Қызметтер актісіне қол қояды. Тараптар бір ай ішінде көрсетілген қызметтер актісін жасауға және оған қол қоюға құқылы. Қызметтер көрсетілген Қызметтер Актісіне қол қойылғаннан кейін көрсетілген болып есептеледі.

3.4. Үйлестіруші Сарапшының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалады.

3.5. Сарапшы Қызметтер көрсету кезінде шеккен өзге де шығыстарды Үйлестіруші өтемейді.

3.6. Осы Шарт бойынша Сарапшы көрсеткен Қызметтер Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

 

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

 

  1.  Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

4.2. Қызметтер тиісінше көрсетілмеген не көрсетілген қызметтердегі кемшіліктерді уақтылы жоймаған жағдайда Үйлестіруші Сарапшы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін шарттың немесе оған қосымшалардың жалпы сомасының 0,1%-ы мөлшерінде Сарапшыдан тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-ынан аспауы тиіс

4.3. Сарапшы Шарт бойынша Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап 2 жұмыс күнінен астам Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған мерзімнен кешіктірмей, Үйлестіруші осы Шартты Сарапшыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

4.4. Үйлестірушімен нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан Сарапшыны тартуға тыйым салынады.

4.5. Сарапшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында қамтылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлық нормаларын жою бойынша дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапты болады.

4.6 Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

4.7 Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

4.8. Келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Үйлестірушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.

4.9. Сарапшы осы Шарт бойынша Қызметтерді тиісті көрсету үшін дербес жауапты болады.

 

  1.  ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОНЫ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ

5.1. Шарттың қолданылу мерзімі оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап белгіленеді және міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.

5.2. Үйлестіруші Сарапшының атына шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұзуға құқылы.

5.3. Сарапшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған кезде Сарапшының жұмыстарды орындау процесінде жұмсалған өз шығындарын, сондай-ақ орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ.

5.4. Шарт Тараптардың екі жақты келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Шартты тоқтатуды талап ететін Тарап өзінің ниеті туралы екінші Тарапты Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

5.5. Үйлестіруші осы Шартты біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда:

5.5.1. Сарапшының осы Шарттың талаптарын орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда;

5.5.2. Сарапшының мүдделер қақтығысы болғанда;

5.5.3. Сарапшы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанда;

5.5.4. оны одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты бұзуға құқылы.

5.6. Осы Шарт осы Шарттың 5.5.-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда Үйлестіруші Сарапшыға Шартты бұзудың болжамды күніне дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын тиісті хабарлама жібереді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Шарт бұзылған болып есептеледі. Бұл жағдайда Үйлестіруші Сарапшыға Шартты бұзу күніне іс жүзінде орындалған, құжатпен расталған қызметтердің құнын төлейді.

5.7. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда Сарапшы бұзылған күнгі нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы және осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде артық төленген соманы Үйлестірушіге қайтарады.

 

 

  1. ФОРС-МАЖОР

5.1. Тараптар Шарт талаптарын орындамағаны үшін, егер ол форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, жауапты болмайды.

5.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Сарапшы тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе Шарттың талаптарын орындамауына байланысты оны бұзуға жауапты болмайды.

5.3. Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ тек қана емес: әскери іс-қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

5.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Сарапшы Үйлестірушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Үйлестірушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Сарапшы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орынды болғанынша орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

 

  1.  БАСҚА ШАРТТАР
    1. Үйлестіруші тарапынан осы Шарттың орындалуын бақылау бойынша жауапты болып ___________________ (аты-жөні), телефоны: _________, электрондық поштасы ___________ табылады.
    2. Тараптар жалпы Шарттың талаптары және ұсынушы Тарап құпия ретінде белгілеген барлық ақпаратты, мұндай жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында ұйғарылатын жағдайларды қоспағанда, көрсетілген ақпаратты ұсынушы Тараптың жазбаша рұқсатынсыз басқа Тарап ешбір үшінші тарапқа жариялай алмайтынын мойындайды.

 

  1.  ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне еніп, 2020 жылғы «___» ________ бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында Шарт бойынша міндеттемелерді орындау– оларды толық орындауға дейін бөлігінде туындаған қатынастарға қолданылады

7.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды болады. Тиісті нысанда жасалған Шартқа өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

7.3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

 

  1.  АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН

 

Үйлестіруші

 

 

 

_______________________

 

 

Сарапшы

 

 

 

________________________

 

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми

сараптама жүргізу қайтарымды

қызмет көрсетудің үлгілік  келісім-шартына қосымша

2020 жалғы "____"_______ №_________

 

 

№ т.

Қызметтің атауы

Орындау мерзімі

1

_________________________________________ жобасына

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу

 

«____» бастап «___» дейін

 

 

Үйлестіруші

 

 

_______________________

 

 

 

       Сарапшы

 

 

________________________