Әлеуметтiк - тәрбиелiк жұмыс

«Культ здорового тела» жобасының негізінде Турген шатқалына бару

Шараның мақсаты: студенттерге еліміздің әдемі табиғатын, тарихи жерлерін көрсетіп, оларды таныстыру, салауатты өмір салтына баулу.

Өткізу уақыты: 25 қазан 2014 жыл, сағат 10.00

Өткізу орны: «Тургень» шатқалы

«100 кітап» жобасының негізінде Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романын талқылауға арналған дөңгелек стол

Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардағы типтік образдарды қолданудағы жазушы тілінің көркемдік ерекшелігі, өзіндік портрет жасаудағы шеберлігін қарастыра отырып зерттеу.

Өткізу уақыты: 12 наурыз 2015 жыл, сағат 15:00.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 422 аудиториясы

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде Алматы қаласының №1балалар үйіне барып, «Сен және сенің құқығың» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізу

Шараның мақсаты: оқытудың тәжірибелік-бағытталған әдістерін жүзеге асыру шеңберінде болашақ заңгер тұлғасын қалыптастыру, волонтерлықты дамыту, студенттердің рухани-адамгершілік қасиетін дамыту, балаларға көмек көрсету.

Өткізу уақыты: 18 наурыз 2015 жыл, сағат 10.00

Өткізу орны: Алматы қаласының №1 балалар үйі


«Культ здорового тела» жобасының негізінде «Боулинг орталығында» өткізілген боулинг бойынша жарыс

Шараның мақсаты: боулинг орталығына бару, жастарға бұл ойын түрін таныстыру, үйрету, салауатты өмір салтына баулу.

Өткізу уақыты: 7 наурыз 2015 жыл, сағат 19.00

Өткізу орны: «Метро» ойын-сауық клубы

«Бір ел» Кіші студенттік Ассамблеясы Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясымен біріге отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай «Корея халықтарының мәдениет күндеріне» арналған мерекелік іс-шара

Шараның мақсаты: ұлтаралық татуластықты тәрбиелеу, корея халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Өткізілу уақыты: 19 наурыз 2015 жыл, сағат 12.00

Өткізу орны: КазҰУ-нің заң факультеті, 4 этаж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Түлектер Ассациациясының шеңберінде Алматы қаласы, Медеу аудандық прокурорының көмекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің 2012 жылғы түлегі Ш.М.Рсалинмен кездесуге арналған дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары

Шараның мақсаты: студенттерде деген құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы қалыптастыру, осы салада қызмет істейтін тәжірибелік қызметкерлермен сұхбаттасу, заңи білімдерін одан әрі дамыту құқықтық тәрбиені қалыптастыру, антиқоғамдық тәртіптің алдын алу.

Өткізу уақыты: 20 наурыз 2015ж., сағат 14.00

Өткізу орны: ҚазҰУ-нің заң факультетінің 411 аудиториясы